https://sputnik.kz/20250509/norvegiyada-qazaqstandyq-zhauyngerge-arnalgan-memorial-ashyldy-53418995.html
Норвегияда қазақстандық жауынгерге арналған мемориал ашылды
Норвегияда қазақстандық жауынгерге арналған мемориал ашылды
Sputnik Қазақстан
Иван Поворознюк 1921 жылы Қостанай облысы Введенский ауданы Алешинка ауылында дүниеге келген 09.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-09T18:47+0500
2025-05-09T18:47+0500
2025-05-09T18:48+0500
жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/09/53413417_0:208:540:512_1920x0_80_0_0_eaef0a96527378aa336ae8122894bc66.jpg
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Солтүстік Норвегияның Лофотен аралдарындағы Вествогёй коммунасында кеңес сарбаздарының құрметіне мемориалдың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.Үш жауынгер 1945 жылдың наурызында Остад ауылындағы нацистік лагерьден қашу әрекеті кезінде қаза тапқан. Олардың бірі Қостанай облысының тумасы - Иван Поворознюк.Иван Поворознюк 1921 жылы Қостанай облысы Введенский ауданы Алешинка ауылында дүниеге келген. Ол 1941 жылы сәуірде әскерге шақырылды және 1942 жылдың наурызынан бері хабарсыз кетті. Тек бірнеше онжылдықтардан кейін ғана норвегиялық зерттеушілер мен Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігінің күш-жігерінің арқасында оның тағдыры мен қаза тапқан жері анықталды.Мемориал жергілікті тұрғын Пер-Коре Холдал басқарған топтың бастамасымен және Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінің белсенді қатысуымен салынды.Мемориалдың ашылу салтанатына жергілікті билік басшылығы, қоғам өкілдері, Қазақстанның Норвегиядағы елшісі Әділ Тұрсынов, сондай-ақ қаза тапқан қазақстандық жауынгердің туысы – Лариса Кушнарёва қатысты.Бұл оқиға екі ел халықтарының арасындағы достықтың тағы бір дәлелі болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/09/53413417_0:158:540:563_1920x0_80_0_0_7fa0b71ccf77c5ff185fcb9f3c4fdc3c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Норвегияда қазақстандық жауынгерге арналған мемориал ашылды
18:47 09.05.2025 (жаңартылды: 18:48 09.05.2025) Иван Поворознюк 1921 жылы Қостанай облысы Введенский ауданы Алешинка ауылында дүниеге келген
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Солтүстік Норвегияның Лофотен аралдарындағы Вествогёй коммунасында кеңес сарбаздарының құрметіне мемориалдың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Үш жауынгер 1945 жылдың наурызында Остад ауылындағы нацистік лагерьден қашу әрекеті кезінде қаза тапқан. Олардың бірі Қостанай облысының тумасы - Иван Поворознюк.
Иван Поворознюк 1921 жылы Қостанай облысы Введенский ауданы Алешинка ауылында дүниеге келген. Ол 1941 жылы сәуірде әскерге шақырылды және 1942 жылдың наурызынан бері хабарсыз кетті. Тек бірнеше онжылдықтардан кейін ғана норвегиялық зерттеушілер мен Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігінің күш-жігерінің арқасында оның тағдыры мен қаза тапқан жері анықталды.
Мемориал жергілікті тұрғын Пер-Коре Холдал басқарған топтың бастамасымен және Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінің белсенді қатысуымен салынды.
Мемориалдың ашылу салтанатына жергілікті билік басшылығы, қоғам өкілдері, Қазақстанның Норвегиядағы елшісі Әділ Тұрсынов, сондай-ақ қаза тапқан қазақстандық жауынгердің туысы – Лариса Кушнарёва қатысты.
Бұл оқиға екі ел халықтарының арасындағы достықтың тағы бір дәлелі болды.