https://sputnik.kz/20261015/qazaqstandyq-mediazhoba-euraziya-dauysy-nominatsiya-boyynsha-zhuldeger-atandy-67630835.html
Қазақстандық медиажоба "Еуразия дауысы" номинациясы бойынша жүлдегер атанды
Қазақстандық медиажоба "Еуразия дауысы" номинациясы бойынша жүлдегер атанды
Sputnik Қазақстан
Жоба Еуразия елдерінің көзқарасы тұрғысынан халықаралық саясаттағы оқиғаларды жариялайды 15.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-15T21:57+0500
2026-10-15T21:57+0500
2026-10-15T22:42+0500
жүлде
жаңалық
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/0f/67630478_0:18:1012:587_1920x0_80_0_0_1a8e6dc010e9716af70f89a4453b5f9c.jpg
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қазақстандық "Еуразия24" мультимедиялық ақпараттық-талдамалық жобасы "Еуразия" халықаралық сыйлығының "Еуразия дауысы" номинациясында екінші орын иеленді.2025 жылы құрылған "Еуразия24" ресурсы геосаясат, интеграция және Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтағы мүдделерін Еуразия елдерінің көзқарасы тұрғысынан жариялайды.Жоба 20 ай ішінде YouTube арнасында 275 мыңнан астам жазылушы жинап, 16,4 миллион қаралымға қол жеткізген. Аудиторияның 77%-ы Қазақстанды қамтыса, қалған 23%-ы шетелдік көрермендерден тұрады.Медиажобаның "Еуразия патриоттары", "Арғы бетте" және "Қызу талқылау" атты арнайы айдарлары бар. Олар интеграциялық үдерістерді талдауға және жоба ұстанымына қайшы келетін еуразиялық интеграцияға қарсы пікірлерге жауап беруге бағытталған.Жобаны "SEZAR GROUP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырады. Бас редакторы – Лилия Игликова. Медиажобаның мақсаты – Еуразия кеңістігінде беделді медиа бренд қалыптастыру.Айта кетері, бұған дейін Қазақстанның тағы бір жобасы – ерекше даму қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсететін "Тамшылар" жүйесі "Жүрек қалауымен" номинациясында екінші орын алған болатын. Жоба 13 жыл ішінде 4 792 балаға қолдау көрсетіп, 115 200 сағаттан астам терапия ұйымдастырған."Еуразия" халықаралық сыйлығы биыл екінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, байқауға 73 елден 5 мыңнан астам өтінім түскен. Сыйлықтың жалпы жүлде қоры 17 миллион рубльді құрайды.
https://sputnik.kz/20261015/qazaqstandyq-tamshylar-zhobasy-euraziya-syylygynda-ekinshi-oryn-aldy-67629731.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/0f/67630478_104:0:909:604_1920x0_80_0_0_a0f06d827bffd116be82fdfd7947c5ac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүлде, жаңалық
Қазақстандық медиажоба "Еуразия дауысы" номинациясы бойынша жүлдегер атанды
21:57 15.10.2026 (жаңартылды: 22:42 15.10.2026) Жоба Еуразия елдерінің көзқарасы тұрғысынан халықаралық саясаттағы оқиғаларды жариялайды
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қазақстандық "Еуразия24" мультимедиялық ақпараттық-талдамалық жобасы "Еуразия" халықаралық сыйлығының "Еуразия дауысы" номинациясында екінші орын иеленді.
2025 жылы құрылған "Еуразия24" ресурсы геосаясат, интеграция және Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтағы мүдделерін Еуразия елдерінің көзқарасы тұрғысынан жариялайды.
Жоба 20 ай ішінде YouTube арнасында 275 мыңнан астам жазылушы жинап, 16,4 миллион қаралымға қол жеткізген. Аудиторияның 77%-ы Қазақстанды қамтыса, қалған 23%-ы шетелдік көрермендерден тұрады.
Медиажобаның "Еуразия патриоттары", "Арғы бетте" және "Қызу талқылау" атты арнайы айдарлары бар. Олар интеграциялық үдерістерді талдауға және жоба ұстанымына қайшы келетін еуразиялық интеграцияға қарсы пікірлерге жауап беруге бағытталған.
Жобаны "SEZAR GROUP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырады. Бас редакторы – Лилия Игликова. Медиажобаның мақсаты – Еуразия кеңістігінде беделді медиа бренд қалыптастыру.
Айта кетері, бұған дейін Қазақстанның тағы бір жобасы – ерекше даму қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсететін "Тамшылар" жүйесі "Жүрек қалауымен" номинациясында екінші орын алған болатын. Жоба 13 жыл ішінде 4 792 балаға қолдау көрсетіп, 115 200 сағаттан астам терапия ұйымдастырған.
"Еуразия" халықаралық сыйлығы биыл екінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, байқауға 73 елден 5 мыңнан астам өтінім түскен. Сыйлықтың жалпы жүлде қоры 17 миллион рубльді құрайды.