https://sputnik.kz/20261015/qazaqstandyq-tamshylar-zhobasy-euraziya-syylygynda-ekinshi-oryn-aldy-67629731.html
"Тамшылар" жобасы "Еуразия" сыйлығында екінші орын алды
"Тамшылар" жобасы "Еуразия" сыйлығында екінші орын алды
Sputnik Қазақстан
Жоба 13 жыл ішінде 5 мыңға жуық балаға көмек көрсетіп, 115 200 сағаттан астам терапия ұйымдастырған 15.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-15T21:31+0500
2026-10-15T21:31+0500
2026-10-15T22:15+0500
қазақстан
жүлде
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/0f/67629458_0:3:1233:696_1920x0_80_0_0_453252b72143817be180114423379944.jpg
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қазақстандық Гүлбану Өмірбекованың ерекше даму қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетуге бағытталған "Тамшылар" жобасы "Еуразия" халықаралық сыйлығының "Жүрек қалауымен" номинациясында екінші орын иеленді.Жобаның тарихы Гүлбану Өмербекованың жеке тәжірибесінен басталған. Аутизмге шалдыққан баланың анасы ретінде ол өз баласына қажетті көмек көрсету жолдарын іздеп, кейін осы бағытта басқа отбасыларды қолдау жүйесін қалыптастырған.13 жыл ішінде "Тамшылар" жобасы ерекше даму қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсететін кешенді жүйеге айналды. Осы уақыт аралығында 4 792 балаға көмек көрсетіліп, 115 200 сағаттан астам терапия өткізілген. Сонымен қатар мамандарға арналған 250 тренинг ұйымдастырылған.Жоба авторлық әдістемеге, мінез-құлықты қолданбалы талдаудың (ABA) тәсілдеріне, сондай-ақ VB-MAPP және ABLLS-R бағалау құралдарына негізделген. Жоба аясында Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Ресей және АҚШ-тан да балалар көмек алған.Қазір "Тамшылар" инклюзивті кабинеттерді дамытып, қызмет ауқымын кеңейтуді көздеп отыр. Осы мақсатта TamshylarHub цифрлық платформасын іске қосуға дайындық жүргізіліп жатыр. Платформа жобаның жұмысын кеңейтіп, балаларға көрсетілетін қолдауды жүйелеуге мүмкіндік бермек."Еуразия" халықаралық сыйлығы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға және мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосқан жобаларды марапаттауға арналған. Биылғы марапаттау рәсіміне 73 елдің өкілдері қатысты. Сыйлықтың жалпы жүлде қоры 17 миллион рубльді құрайды.
https://sputnik.kz/20261015/euraziya-khalyqaralyq-syylygynyn-laureattaryn-marapattau-rasimi--tikeley-efir-67626048.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/0f/67629458_75:0:1102:770_1920x0_80_0_0_3065804a192012a368ea861598753ef9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, жүлде
"Тамшылар" жобасы "Еуразия" сыйлығында екінші орын алды
21:31 15.10.2026 (жаңартылды: 22:15 15.10.2026) Жоба 13 жыл ішінде 5 мыңға жуық балаға көмек көрсетіп, 115 200 сағаттан астам терапия ұйымдастырған
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қазақстандық Гүлбану Өмірбекованың ерекше даму қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсетуге бағытталған "Тамшылар" жобасы "Еуразия" халықаралық сыйлығының "Жүрек қалауымен" номинациясында екінші орын иеленді.
Жобаның тарихы Гүлбану Өмербекованың жеке тәжірибесінен басталған. Аутизмге шалдыққан баланың анасы ретінде ол өз баласына қажетті көмек көрсету жолдарын іздеп, кейін осы бағытта басқа отбасыларды қолдау жүйесін қалыптастырған.
13 жыл ішінде "Тамшылар" жобасы ерекше даму қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсететін кешенді жүйеге айналды. Осы уақыт аралығында 4 792 балаға көмек көрсетіліп, 115 200 сағаттан астам терапия өткізілген. Сонымен қатар мамандарға арналған 250 тренинг ұйымдастырылған.
Жоба авторлық әдістемеге, мінез-құлықты қолданбалы талдаудың (ABA) тәсілдеріне, сондай-ақ VB-MAPP және ABLLS-R бағалау құралдарына негізделген. Жоба аясында Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Ресей және АҚШ-тан да балалар көмек алған.
Қазір "Тамшылар" инклюзивті кабинеттерді дамытып, қызмет ауқымын кеңейтуді көздеп отыр. Осы мақсатта TamshylarHub цифрлық платформасын іске қосуға дайындық жүргізіліп жатыр. Платформа жобаның жұмысын кеңейтіп, балаларға көрсетілетін қолдауды жүйелеуге мүмкіндік бермек.
"Еуразия" халықаралық сыйлығы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға және мәдени байланыстарды нығайтуға үлес қосқан жобаларды марапаттауға арналған. Биылғы марапаттау рәсіміне 73 елдің өкілдері қатысты. Сыйлықтың жалпы жүлде қоры 17 миллион рубльді құрайды.