https://sputnik.kz/20261015/nesie-aluga-otinim-maquldandy-ulttyq-bank-alayaqtyqtyn-zhana-tasili-zhoninde-eskertti-67624417.html
"Несие алуға өтінім мақұлданды": Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа тәсілі жөнінде ескертті
"Несие алуға өтінім мақұлданды": Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа тәсілі жөнінде ескертті
Sputnik Қазақстан
Телефон арқылы сөйлесу кезінде алаяқтар "сенімхатты жоюды", "кредиттік өтінімді бұғаттауды" немесе "ақшалай қаражатты қорғауды" ұсынады 15.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-15T17:21+0500
2026-10-15T17:21+0500
2026-10-15T17:21+0500
ұлттық банк
алаяқтық
қылмыстық топ
https://sputnik.kz/img/933/63/9336345_0:372:2881:1993_1920x0_80_0_0_2473bbc4a36ec4034cad0fe71d20a1b2.jpg
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Ұлттық банк "цифрлық сенімхат" туралы жалған хабарламалар арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа тәсілі жөнінде ескертті.Хабарламада алушының атына "цифрлық сенімхат" ресімделгені, оны үшінші тұлғалар пайдаланып жатқаны немесе кредит алуға өтінім мақұлданғаны айтылады. Мән-жайды анықтау үшін көрсетілген нөмірге қоңырау шалу ұсынылады.Мұндай хабарламаның басты мақсаты – адамды үрейлендіріп, көрсетілген нөмірге қоңырау шалуға мәжбүрлеу. Телефон арқылы сөйлесу кезінде алаяқтар "сенімхатты жоюды", "кредиттік өтінімді бұғаттауды" немесе "ақшалай қаражатты қорғауды" ұсынады, деп ескертті Ұлттық банк мамандары.Кейін өздерін Ұлттық Банктің, арнайы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтың атына кредит ресімделгенін, компаниялар тіркелгенін, күдікті қаржы операциялары жүргізілгенін немесе ақша қаражатын жымқыру әрекеті жасалғанын хабарлайды.Ұлттық Банк банктердің, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері банк картасының деректемелерін, СМС арқылы келген кодтарды, карталар мен қосымшалардың PIN-кодтарын сұрамайтынын еске салды. Сондай-ақ, ақшаны "қауіпсіз шоттарға" аударуды немесе мобильді құрылғыны қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін қосымшаларды орнатуды да ұсынбайды.Сондықтан мұндай хабарламаны алған кезде көрсетілген нөмірлерге қоңырау шалуға, күмәнді сілтемелерге өтуге және белгісіз адамдардың нұсқауларын орындауға болмайды. Ақпаратты тексеру үшін тиісті банктің немесе азаматтарға арналған цифрлық үкімет сервисінің ресми байланыс орталығына хабарласу керек.
https://sputnik.kz/20261002/ustazdar-kunine-arnalgan-syylyqtar-bas-prokuratura-alayaqtyq-turaly-eskertti-67240445.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/933/63/9336345_150:0:2881:2048_1920x0_80_0_0_7f2adeef1c8eeec422f86df8573e1261.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық банк, алаяқтық, қылмыстық топ
ұлттық банк, алаяқтық, қылмыстық топ
"Несие алуға өтінім мақұлданды": Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа тәсілі жөнінде ескертті
Телефон арқылы сөйлесу кезінде алаяқтар "сенімхатты жоюды", "кредиттік өтінімді бұғаттауды" немесе "ақшалай қаражатты қорғауды" ұсынады
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Ұлттық банк "цифрлық сенімхат" туралы жалған хабарламалар арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа тәсілі жөнінде
ескертті.
"Алаяқтар қазақстандықтарға азаматтарға арналған цифрлық үкімет сервисінің немесе екінші деңгейдегі банктердің атынан "цифрлық сенімхат" немесе "кредит" ресімделгені туралы хабарлама жібереді", - дейді банкте.
Хабарламада алушының атына "цифрлық сенімхат" ресімделгені, оны үшінші тұлғалар пайдаланып жатқаны немесе кредит алуға өтінім мақұлданғаны айтылады. Мән-жайды анықтау үшін көрсетілген нөмірге қоңырау шалу ұсынылады.
Мұндай хабарламаның басты мақсаты – адамды үрейлендіріп, көрсетілген нөмірге қоңырау шалуға мәжбүрлеу. Телефон арқылы сөйлесу кезінде алаяқтар "сенімхатты жоюды", "кредиттік өтінімді бұғаттауды" немесе "ақшалай қаражатты қорғауды" ұсынады, деп ескертті Ұлттық банк мамандары.
Кейін өздерін Ұлттық Банктің, арнайы мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, азаматтың атына кредит ресімделгенін, компаниялар тіркелгенін, күдікті қаржы операциялары жүргізілгенін немесе ақша қаражатын жымқыру әрекеті жасалғанын хабарлайды.
"Осындай әрекеттердің алдын алуды сылтауратып, олар СМС арқылы келген кодты айтуды, банк картасының деректемелерін беруді, күмәнді мобильді қосымшаны орнатуды, ақшаны "қауіпсіз", "сақтық" немесе "жинақ" шотына аударуды не мобильді құрылғыны қашықтан басқаруға рұқсат беруді талап етеді", - деп жазылған хабарламада.
Ұлттық Банк банктердің, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері банк картасының деректемелерін, СМС арқылы келген кодтарды, карталар мен қосымшалардың PIN-кодтарын сұрамайтынын еске салды. Сондай-ақ, ақшаны "қауіпсіз шоттарға" аударуды немесе мобильді құрылғыны қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін қосымшаларды орнатуды да ұсынбайды.
Сондықтан мұндай хабарламаны алған кезде көрсетілген нөмірлерге қоңырау шалуға, күмәнді сілтемелерге өтуге және белгісіз адамдардың нұсқауларын орындауға болмайды. Ақпаратты тексеру үшін тиісті банктің немесе азаматтарға арналған цифрлық үкімет сервисінің ресми байланыс орталығына хабарласу керек.