Еуразия халықтарының мәдениетін танытатын қазақстандық жоба марапатталды

© Photo : Коллаж АНО "Евразия"Международная премия "Евразия"-2026
Международная премия Евразия-2026 - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2026
Жазылу
Жобаны Ирина Лаврешина әзірлеп, байқауға ұсынған
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қазақстандық "Еуразиядағы достық байланысы: ұлттар мәдениетіне саяхат" білім беру жобасы "Еуразия" халықаралық сыйлығының "Үйрету өнері" номинациясында екінші орын иеленді.
Жобаны Ирина Лаврешина әзірлеп, байқауға ұсынған.
"Еуразиядағы достық байланысы: ұлттар мәдениетіне саяхат" жобасы оқушыларды Еуразия халықтарының тілдерімен, фольклорымен, салт-дәстүрлерімен және өнерімен шығармашылық ойындар арқылы таныстырады.
Жобаның мақсаты – балалардың түрлі халықтардың мәдениеті туралы білімін кеңейтіп, мәдениетаралық қарым-қатынас пен өзара түсіністікті дамыту.
Гүлбану Өмірбекованың Тамшылар жобасы Еуразия халықаралық сыйлығының Жүрек қалауымен номинациясында екінші орын иеленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2026
"Тамшылар" жобасы "Еуразия" сыйлығында екінші орын алды
Жаңалықтар
0