https://sputnik.kz/20261015/endi-tarlan-astana-stantsiyalarynda-kolik-kartalaryn-rasimdeuge-bolady-67623912.html
Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады
Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады
Sputnik Қазақстан
17 қазаннан бастап көлік карталарын рәсімдеу үшін орталық кассаға барудың қажеті болмайды 15.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-15T17:05+0500
2026-10-15T17:05+0500
2026-10-15T17:07+0500
көлік картасы
автобус
https://sputnik.kz/img/07ea/05/10/63477979_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_bf8e0221be988c5d8a190d330245b22b.jpg
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Елордада автобустарда жүруге арналған атаулы мектеп және жеңілдік көлік карталарын Tarlan Astana станцияларындағы кассаларда рәсімдеуге болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."City Transportation Systems" компаниясының мәліметінше, 17 қазаннан бастап көлік карталарын рәсімдеу үшін орталық кассаға барудың қажеті болмайды."Станцияларда орналасқан кассаларда автобустарда және Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік желісінде жолақы төлеуге арналған мектеп және жеңілдік көлік карталарын рәсімдеуге болады", - деп хабарлады компания өкілдері.Атаулы көлік карталарын мына санаттағы азаматтар рәсімдей алады:Мектеп көлік картасын рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:Жеңілдік көлік картасын рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:Сонымен қатар, eGov Mobile мобильді қосымшасындағы цифрлық құжаттарды, соның ішінде "Әлеуметтік ID" құжатын да пайдалануға болады.
https://sputnik.kz/20261007/tarlan-astana-qurylysy-astanada-birneshe-zhol-zhabylady-67385769.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/10/63477979_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_13591099920c50c13368d26e8144c9ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік картасы, автобус
Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады
17:05 15.10.2026 (жаңартылды: 17:07 15.10.2026) 17 қазаннан бастап көлік карталарын рәсімдеу үшін орталық кассаға барудың қажеті болмайды
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Елордада автобустарда жүруге арналған атаулы мектеп және жеңілдік көлік карталарын Tarlan Astana станцияларындағы кассаларда рәсімдеуге болады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "City Transportation Systems" компаниясының мәліметінше, 17 қазаннан бастап көлік карталарын рәсімдеу үшін орталық кассаға барудың қажеті болмайды.
"Станцияларда орналасқан кассаларда автобустарда және Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік желісінде жолақы төлеуге арналған мектеп және жеңілдік көлік карталарын рәсімдеуге болады", - деп хабарлады компания өкілдері.
Атаулы көлік карталарын мына санаттағы азаматтар рәсімдей алады:
Астанадағы оқу орындарында білім алатын 7-18 жас аралығындағы оқушылар;
Астанада тіркелген және тұрақты тұратын, қалалық мәслихат бекіткен жеңілдік санаттарына жататын азаматтар.
Мектеп көлік картасын рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:
ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігінің не төлқұжатының түпнұсқасы;
баланың ЖСН-і көрсетілген туу туралы куәлігінің түпнұсқасы;
Астанадағы оқу орнынан берілген анықтаманың түпнұсқасы;
өлшемі 3 × 4 см немесе 4 × 6 см түрлі түсті фотосурет.
Жеңілдік көлік картасын рәсімдеу үшін қажетті құжаттар:
жеке куәліктің немесе төлқұжаттың түпнұсқасы;
зейнеткерлік куәліктің түпнұсқасы;
өлшемі 3 × 4 см немесе 4 × 6 см түрлі түсті фотосурет.
Сонымен қатар, eGov Mobile мобильді қосымшасындағы цифрлық құжаттарды, соның ішінде "Әлеуметтік ID" құжатын да пайдалануға болады.