Tarlan Astana құрылысы: Астанада бірнеше жол жабылады

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанадағы LRT
Астанадағы LRT  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2026
Жазылу
Жол қозғалысына қатысушылар қалыптасқан жол жағдайын ескере отырып, бағытты алдын ала жоспарлау қажет
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Елордада Tarlan Astana құрылысына байланысты бірқатар көше жабылады, деп хабарлайды қалалық әкімдік CTS-ке сілтеме жасап.
Елордада 7 қазаннан бастап Tarlan Astana екінші кезегінің құрылысына байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі.
Шектеу мына көшелерге енгізіледі:
Сығанақ көшесінің Төле би көшесінен Айтматов көшесіне дейінгі учаскесінде;
Айтматов көшесінің Сығанақ көшесінен Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысына ішінара шектеу енгізіледі.
Жол қозғалысына қатысушылар қалыптасқан жол жағдайын ескере отырып, бағытты алдын ала жоспарлау қажет, дейді әкімдікте.
Микрофон - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2026
Энрико Иглесиастың концерті кезінде Астанада екі көше жабылады
Жаңалықтар
0