Энрико Иглесиастың концерті кезінде Астанада екі көше жабылады

© Photo : Рixabay/SimonephМикрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2026
Жазылу
Концерт 3 қыркүйек күні сағат 20:00-де "Астана Арена" стадионында өтеді
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Астана әкімдігі танымал әнші Энрико Иглесиастың концерті кезінде екі көшенің уақытша жабылатынын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Концерт 3 қыркүйек күні сағат 20:00-де "Астана Арена" стадионында өтеді. Ал қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көрермендердің стадионға жылдам жетуі үшін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"Шектеу "Алау" мұз сарайы жағынан (Марко Поло көшесі) және "Сарыарқа" велотрегі жағынан (Месроп Маштоц көшесі) енгізіледі", - делінген ресми хабарламада.
Көлік қозғалысына түсетін салмақты азайту мақсатында арнайы шаттл автобустар ұйымдастырылады. Олар сағат 16:00-ден бастап төрт жерден "Астана Арена" стадионына қатынайды. Көрермендер көлігін тұраққа қалдырып, стадионға шаттл автобуспен жете алады.
Шаттл автобустар шығатын жерлер:
Елорда циркі маңындағы тұрақ;
"Әзірет Сұлтан" мешіті маңындағы тұрақ;
Қажымұқан көшесіндегі "Қазақстан" спорт кешені маңындағы тұрақ;
"Нұр-Сұлтан" мешіті маңындағы тұрақ.
Ал концерт аяқталғаннан кейін шаттл автобустар көрермендерді сол тұрақтарға қайтып әкеледі.
Жаңалықтар
0