https://sputnik.kz/20261015/duken-sorelerinin-keminde-30-yna-otandyq-tauarlar-ornalastyryluy-tiis---ministrlik-67602781.html
Дүкен сөрелерінің кемінде 30%-ына отандық тауарлар орналастырылуы тиіс - министрлік
Дүкен сөрелерінің кемінде 30%-ына отандық тауарлар орналастырылуы тиіс - министрлік
Sputnik Қазақстан
Сауда және интеграция министрлігі 20 қазаннан бастап бөлшек сауда желілері мен маркетплейстерге қойылатын жаңа талаптарды жариялады 15.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-15T10:05+0500
2026-10-15T10:05+0500
2026-10-15T10:05+0500
сауда
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16381538_0:157:2997:1842_1920x0_80_0_0_d146e0355c70f6d9b4e0b60bcfa51d79.jpg
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Елде бөлшек сауда желілерінде тауарларды орналастыруға қатысты талаптар қатаңдатылады.Сауда және интеграция министрлігі 20 қазаннан бастап дүкен сөрелеріндегі отандық өнімдердің үлесі арттырылатынын хабарлады.Сауда желілерімен қазақстандық өнімдерді ілгерілету жөнінде 72 меморандумға қол қойылған. Ал жыл басынан бері "Dala Dami" бірыңғай бренді аясында 5600 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілген.Бұл өнімдер сұранысқа ие тауарлармен қатар, ең қолайлы орындарға — атап айтқанда, көз деңгейіне қойылуы тиіс. Бұл өзгерістер онлайн-сауда алаңдарына да қатысты болады.2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстандағы сауданың жалпы көлемі 61 триллион теңгеге (135,4 млрд АҚШ долларына) жетті.
https://sputnik.kz/20261013/almaty-oblysynda-azyq-tulik-ingredientterin-ondiretin-zauyt-iske-qosyldy-67533031.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16381538_164:0:2831:2000_1920x0_80_0_0_b5c2eb0097f6eb715fe020e9c6c444dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сауда, министрлік
Дүкен сөрелерінің кемінде 30%-ына отандық тауарлар орналастырылуы тиіс - министрлік
Сауда және интеграция министрлігі 20 қазаннан бастап бөлшек сауда желілері мен маркетплейстерге қойылатын жаңа талаптарды жариялады
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Елде бөлшек сауда желілерінде тауарларды орналастыруға қатысты талаптар қатаңдатылады.
Сауда және интеграция министрлігі 20 қазаннан бастап дүкен сөрелеріндегі отандық өнімдердің үлесі арттырылатынын хабарлады.
"Отандық өнімдерді ілгерлетуге және тікелей сату арналарын кеңейтуге ерекше назар аударылып жатыр. Бөлшек сауда сөрелеріндегі отандық тауарлардың үлесін арттыруға бағытталған қосымша талаптар қабылданды. Олар 20 қазаннан бастап күшіне енеді", - деді ведомство басшысы Арман Шаққалиев.
Сауда желілерімен қазақстандық өнімдерді ілгерілету жөнінде 72 меморандумға қол қойылған. Ал жыл басынан бері "Dala Dami" бірыңғай бренді аясында 5600 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілген.
"Бөлшек сауда желілері жергілікті өнімдерді "Қазақстанда жасалған" деген жазуы бар белгімен немесе жапсырмамен белгілеуге, сондай-ақ әрбір тауар санаты мен кіші санатында мұндай өнімдердің сауда алаңы мен сөре кеңістігінің кемінде 30%-ын құрауын қамтамасыз етуге міндетті болады", - делінген хабарламада.
Бұл өнімдер сұранысқа ие тауарлармен қатар, ең қолайлы орындарға — атап айтқанда, көз деңгейіне қойылуы тиіс. Бұл өзгерістер онлайн-сауда алаңдарына да қатысты болады.
2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстандағы сауданың жалпы көлемі 61 триллион теңгеге (135,4 млрд АҚШ долларына) жетті.