https://sputnik.kz/20261015/batys-qazaqstanda-251-mln-tenge-byudzhet-qarzhysyn-zhymqyru-deregi-anyqtaldy-67601900.html
Үй сатып алған: БҚО-да агроөнеркәсіпке бағытталған 251 млн теңге бюджет қаржысы жымқырылды
Үй сатып алған: БҚО-да агроөнеркәсіпке бағытталған 251 млн теңге бюджет қаржысы жымқырылды
Sputnik Қазақстан
Шығынды растау үшін жалған төлем мен орындалған жұмыс актілері ұсынылған 15.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-15T09:42+0500
2026-10-15T09:42+0500
2026-10-15T09:46+0500
батыс қазақстан облысы
субсидиялар
https://sputnik.kz/img/1249/28/12492855_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_92fb7c2e67cc0d269b62612205e41b56.jpg
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына бөлінген бюджет қаржысының жымқырылғанын анықтады.Тергеу мәліметінше, күдікті өзінің бақылауындағы "Агрокомплекс АРСЕН" және "ОнегеАгроСервис" серіктестері арқылы Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округінде су үнемдейтін суару жүйелерін салуға жұмсалды деген шығынды өтеу үшін уәкілетті органға инвестициялық субсидия алуға қажетті құжаттарды тапсырған.Шығынды растау үшін жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыс актілері ұсынылған.Қаражаттың бір бөлігіне тұрғын үй сатып алынған. Соттың рұқсатымен аталған мүлікке тыйым салынды.Тергеу жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20260916/turkistan-oblysynda-subsidiya-qarazhatyn-zhymqyrgandardan--2-turgyn-uy-men-4-kolik-tarkilendi-66673903.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1249/28/12492855_265:0:1765:1125_1920x0_80_0_0_9296c44a1269f10ff45bd491d895babd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы, субсидиялар
батыс қазақстан облысы, субсидиялар
Үй сатып алған: БҚО-да агроөнеркәсіпке бағытталған 251 млн теңге бюджет қаржысы жымқырылды
09:42 15.10.2026 (жаңартылды: 09:46 15.10.2026) Шығынды растау үшін жалған төлем мен орындалған жұмыс актілері ұсынылған
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына бөлінген бюджет қаржысының жымқырылғанын анықтады.
Тергеу мәліметінше, күдікті өзінің бақылауындағы "Агрокомплекс АРСЕН" және "ОнегеАгроСервис" серіктестері арқылы Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округінде су үнемдейтін суару жүйелерін салуға жұмсалды деген шығынды өтеу үшін уәкілетті органға инвестициялық субсидия алуға қажетті құжаттарды тапсырған.
Шығынды растау үшін жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыс актілері ұсынылған.
"Осы құжаттардың негізінде күдіктінің бақылауындағы серіктестіктердің есепшоттарына жалпы сомасы 251 млн теңге инвестициялық субсидия аударылған. Кейін бұл ақша қолма-қол ақшаға айналдырылған", - дейді агенттік.
Қаражаттың бір бөлігіне тұрғын үй сатып алынған. Соттың рұқсатымен аталған мүлікке тыйым салынды.
Тергеу жалғасып жатыр.