https://sputnik.kz/20261015/astanada-robot-itter-qogamdyq-qauipsizdikti-qamtamasyz-etuge-atsalysyp-zhur-67623142.html
Астанада робот-иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр
Астанада робот-иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр
Sputnik Қазақстан
Технологияның маңызды мүмкіндіктерінің бірі — іздеуде жүрген адамдарды анықтауға көмектесу 15.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-15T16:23+0500
2026-10-15T16:23+0500
2026-10-15T16:23+0500
астана
робот
қауіпсіздік
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/0f/67622803_18:0:1262:700_1920x0_80_0_0_df93a0fa97b7083180a4b8005e5ea897.jpg
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Астанада робот-иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарда "еңбектеніп" жүр. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Астана қаласының полиция департаменті төрт робот-итті қолданысқа енгізіп, оларды қоғамдық тәртіпті бақылау мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына пайдаланып жатыр.Робот-иттер жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған бейнекамералар арқылы айналадағы жағдайды бақылап, бейнеақпаратты нақты уақыт режимінде тікелей жедел басқару орталығына жеткізеді. Бұл полиция қызметкерлеріне қоғамдық орындардағы ахуалды жедел бағалап, қажетті жағдайда тиісті шараларды уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.Технологияның маңызды мүмкіндіктерінің бірі — іздеуде жүрген адамдарды анықтауға көмектесу."Робот-иттерге интеграцияланған жасанды интеллект жүйесі бет-әлпетті сәйкестендіреді. Сәйкестік анықталған жағдайда жедел басқару орталығына автоматты түрде дабыл хабарламасы жіберіледі", - дейді полицейлер.Бұл технология полицияның жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, іздеудегі адамдарды анықтау жұмысына қосымша қолдау көрсетеді.
https://sputnik.kz/20260731/astanada-robot-kurerler-tegin-qyzmet-korsete-bastady-65360049.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/0f/67622803_174:0:1107:700_1920x0_80_0_0_1518e7a5c1ecae7c8ff4166d72ebeb07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, робот, қауіпсіздік
астана, робот, қауіпсіздік
Астанада робот-иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр
Технологияның маңызды мүмкіндіктерінің бірі — іздеуде жүрген адамдарды анықтауға көмектесу
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Астанада робот-иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарда "еңбектеніп" жүр.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Астана қаласының полиция департаменті төрт робот-итті қолданысқа енгізіп, оларды қоғамдық тәртіпті бақылау мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына пайдаланып жатыр.
"Қазіргі уақытта робот-иттер адам көп шоғырланатын сауда орталықтары мен қоғамдық орындарда жұмыс істеп, полиция қызметкерлеріне қоғамдық кеңістіктердегі жағдайды бақылауға көмектесіпжатыр", - дейді министрлікте.
Робот-иттер жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған бейнекамералар арқылы айналадағы жағдайды бақылап, бейнеақпаратты нақты уақыт режимінде тікелей жедел басқару орталығына жеткізеді. Бұл полиция қызметкерлеріне қоғамдық орындардағы ахуалды жедел бағалап, қажетті жағдайда тиісті шараларды уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.
Технологияның маңызды мүмкіндіктерінің бірі — іздеуде жүрген адамдарды анықтауға көмектесу.
"Робот-иттерге интеграцияланған жасанды интеллект жүйесі бет-әлпетті сәйкестендіреді. Сәйкестік анықталған жағдайда жедел басқару орталығына автоматты түрде дабыл хабарламасы жіберіледі", - дейді полицейлер.
Бұл технология полицияның жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, іздеудегі адамдарды анықтау жұмысына қосымша қолдау көрсетеді.