https://sputnik.kz/20261014/toqaevqa-adal-azamat-bagdarlamasyn-engizu-boyynsha-atqarylgan-zhumystar-bayandaldy-67589581.html
Тоқаевқа "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды
Тоқаевқа "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы вице-президентті қабылдады 14.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-14T18:31+0500
2026-10-14T18:31+0500
2026-10-14T18:35+0500
қасым-жомарт тоқаев
ерлан қарин
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/0e/67589415_0:0:2530:1423_1920x0_80_0_0_5366e83420c276c176bc248ef818cee1.jpg
АСТАНА, 14 қазан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады.Мемлекет басшысы ішкі саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыру, президент тапсырмаларын орындау мен бастамаларын ілгерілету, соның ішінде бірінші шақырылған Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуында және Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында айтылған міндеттерді іске асыру жөніндегі есебін тыңдады.Сондай-ақ мемлекет басшысына этносаралық келісімді нығайту, балалардың құқығы мен мүддесін қамтамасыз ету, мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру секілді ішкі саясаттың негізгі бағыттары жөнінде мәлімет берілді.Кездесу соңында Тоқаев конституциялық қағидаттар мен құндылықтар ұлттық болмыс пен қоғамдық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс екенін атап өтіп, бірқатар тапсырма берді.Президенттің айтуынша, патриотизм, жауапкершілік, еңбекқорлық, бірлік және азаматтардың жасампаз мақсаттар жолында жұдырықтай жұмылуы елімізді қарқынды дамытудың маңызды алғышарттары саналады.
https://sputnik.kz/20260924/eki-aptada-bir-ret-bayandap-otyrady-toqaev-vitse-prezidentke-tapsyrma-berdi-66971547.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/0e/67589415_0:0:1898:1423_1920x0_80_0_0_69338149b01bd835b772ba6f238adbdd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ерлан қарин
қасым-жомарт тоқаев, ерлан қарин
Тоқаевқа "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар баяндалды
18:31 14.10.2026 (жаңартылды: 18:35 14.10.2026) Мемлекет басшысы вице-президентті қабылдады
АСТАНА, 14 қазан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады.
Мемлекет басшысы ішкі саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыру, президент тапсырмаларын орындау мен бастамаларын ілгерілету, соның ішінде бірінші шақырылған Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуында және Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында айтылған міндеттерді іске асыру жөніндегі есебін тыңдады.
"Вице-президент конституциялық құндылықтарды түсіндіру және насихаттау, "Таза Қазақстан" жобасын жүзеге асыру, жаңа қоғамдық этика қалыптастыру, "Заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілету, "Адал азамат" бірыңғай тәрбие бағдарламасын енгізу бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады", - делінген президенттің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ мемлекет басшысына этносаралық келісімді нығайту, балалардың құқығы мен мүддесін қамтамасыз ету, мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру секілді ішкі саясаттың негізгі бағыттары жөнінде мәлімет берілді.
Кездесу соңында Тоқаев конституциялық қағидаттар мен құндылықтар ұлттық болмыс пен қоғамдық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс екенін атап өтіп, бірқатар тапсырма берді.
Президенттің айтуынша, патриотизм, жауапкершілік, еңбекқорлық, бірлік және азаматтардың жасампаз мақсаттар жолында жұдырықтай жұмылуы елімізді қарқынды дамытудың маңызды алғышарттары саналады.