"Екі аптада бір рет баяндап отырады": Тоқаев вице-президентке тапсырма берді

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев выступил на первой сессии Қазақстан Халық Кеңесі
Касым-Жомарт Токаев выступил на первой сессии Қазақстан Халық Кеңесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы Конституцияны халық арасында кеңінен түсіндіру маңызды екенін атап өтті
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның вице-президенті Ерлан Қаринге алғашқы тапсырмасын берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Халық кеңесінің алғашқы сессиясын ашқан мемлекет басшысы алда атқарылатын нақты жұмыстар бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, жоспарларды жүзеге асыру үшін табанды жұмыс қажет.
Президент Конституцияны халық арасында кеңінен түсіндіру маңызды екенін айтты. Бұл жұмысқа заңгерлер, ғалымдар, мұғалімдер, еріктілер, кәсіпкерлер, ардагерлер мен мемлекет қайраткерлерін тарту қажет.
"Президент әкімшілігінің міндеті – осы жұмыстың кешенді әрі жүйелі тәсілін қалыптастыру. Аталған міндетті жүзеге асыруды вице-президент Ерлан Тынымбайұлы Қаринге тапсырамын. Жұмыстың барысы туралы екі аптада бір рет президентке тікелей баяндайды", – деді Тоқаев.
Айта кетері, бұған дейін Ерлан Қошанов Халық кеңесінің төрағасы болып тағайындалған еді. Кеңес өз жұмысын бастады.
Ерлан Карин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2026
Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
Жаңалықтар
0