https://sputnik.kz/20261014/qazaqstandyq-eki-baluan-alem-chempionatynda-altyn-medal-ielendi-67570678.html
Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Sputnik Қазақстан
Грек-рим күресінен Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбеков әлем чемпионы атанды 14.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-14T10:23+0500
2026-10-14T10:23+0500
2026-10-14T10:25+0500
қазақстандық балуан
әлем чемпионы
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/0e/67565967_0:30:1022:605_1920x0_80_0_0_a967ba3a94e8ed850aaddc201733fcda.jpg
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль иеленді.Ал 60 келіге дейінгі салмақта Айбек Айтбеков те қарсыластарының барлығын жеңіп, алтын медальға қол жеткізді. Финалға жолдама үшін өткен белдесуде украиналық Евген Поковбаны 5:4 есебімен жеңген Айбек алтын жүлде үшін әзербайжандық Елмир Алиевпен кездесті. Шешуші белдесуде қарсыласынан 13:4 есебімен басым түскен отандасымыз әлем чемпионы атанды.Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының тағы екі балуаны медальға таласады. 87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын жартылай финалда Ресей балуанын 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Енді ол алтын медаль үшін Иран өкілі Ясин Әли Яздиімен белдеседі.Ал 130 келіге дейінгі салмақта Джохар Узаров жартылай финалда қарсыласына есе жіберіп, әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі.
https://sputnik.kz/20261010/dzyudodan-2027-zhylgy-alem-chempionatynyn-tuy-qazaqstanga-tabystaldy-67464085.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/0e/67565967_88:0:935:635_1920x0_80_0_0_d4900f2573edf31f77956e84d560a3ca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстандық балуан, әлем чемпионы
қазақстандық балуан, әлем чемпионы
Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
10:23 14.10.2026 (жаңартылды: 10:25 14.10.2026) Грек-рим күресінен Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбеков әлем чемпионы атанды
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль иеленді.
"72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Юсуф Ашрапов жарысты сенімді жеңістермен бастап, финалда Армения өкілі Гаспар Тертерянмен кездесті. Тартысты өткен белдесуде Юсуф 4:3 есебімен жеңіске жетіп, U23 әлем чемпионы атанды", - деп жазылған хабарламада.
Ал 60 келіге дейінгі салмақта Айбек Айтбеков те қарсыластарының барлығын жеңіп, алтын медальға қол жеткізді. Финалға жолдама үшін өткен белдесуде украиналық Евген Поковбаны 5:4 есебімен жеңген Айбек алтын жүлде үшін әзербайжандық Елмир Алиевпен кездесті. Шешуші белдесуде қарсыласынан 13:4 есебімен басым түскен отандасымыз әлем чемпионы атанды.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының тағы екі балуаны медальға таласады. 87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын жартылай финалда Ресей балуанын 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Енді ол алтын медаль үшін Иран өкілі Ясин Әли Яздиімен белдеседі.
Ал 130 келіге дейінгі салмақта Джохар Узаров жартылай финалда қарсыласына есе жіберіп, әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі.