https://sputnik.kz/20261010/dzyudodan-2027-zhylgy-alem-chempionatynyn-tuy-qazaqstanga-tabystaldy-67464085.html
Дзюдодан 2027 жылғы әлем чемпионатының туы Қазақстанға табысталды
Дзюдодан 2027 жылғы әлем чемпионатының туы Қазақстанға табысталды
Sputnik Қазақстан
Дзюдодан келесі әлем чемпионаты 2027 жылдың 7–14 маусым аралығында Астана қаласында өтеді 10.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-10T20:00+0500
2026-10-10T20:00+0500
2026-10-10T20:00+0500
қазақстан
дзюдо
күрестен әлем чемпионаты
https://sputnik.kz/img/old/29/19/291994_0:0:361:203_1920x0_80_0_0_a714fdb5012a2a51bde6ceed8dc121ac.jpg
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Қазақстан 2027 жылы Астанада өтетін дзюдодан әлем чемпионатының туын қабылдады. Салтанатты рәсім Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.Салтанатты рәсім барысында Әзербайжан дзюдо федерациясының вице-президенті Эльнур Мамедли әлем чемпионатының туын Халықаралық дзюдо федерациясына (IJF) қайтарды. Ал IJF Бас хатшысы Лиза Аллан туды Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевке салтанатпен табыстады.Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев әлем чемпионатына дайындық барысында жарысты ұйымдастыруға және ұлттық құраманың дайындығына басымдық берілетінін айтты.Осылайша, 2027 жылы дзюдодан әлем біріншілігі араға 12 жыл салып қайтадан Қазақстанда өтеді. Осыған дейін 2015 жылы Астана қаласында әлем біріншілігі ұйымдастырылған болатын. Сонымен қатар, 2023–2026 жылдар аралығында Қазақстан төрт жыл қатарынан Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне енген, Олимпиада ойындарына іріктеу жүйесінде маңызды рөл атқаратын беделді Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирін өткізді.Айта кетері, Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов (-60 кг) финалға шығып, күміс жүлдегер атанған болатын.
https://sputnik.kz/20260930/eldos-smetov-aziya-oyyndarynda-kumis-medal-zhenip-aldy-67184967.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/29/19/291994_44:0:315:203_1920x0_80_0_0_2dcc29aedc63e55c663409d5b09a7812.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, дзюдо, күрестен әлем чемпионаты
қазақстан, дзюдо, күрестен әлем чемпионаты
Дзюдодан 2027 жылғы әлем чемпионатының туы Қазақстанға табысталды
Дзюдодан келесі әлем чемпионаты 2027 жылдың 7–14 маусым аралығында Астана қаласында өтеді
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Қазақстан 2027 жылы Астанада өтетін дзюдодан әлем чемпионатының туын қабылдады. Салтанатты рәсім Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Салтанатты рәсім барысында Әзербайжан дзюдо федерациясының вице-президенті Эльнур Мамедли әлем чемпионатының туын Халықаралық дзюдо федерациясына (IJF) қайтарды. Ал IJF Бас хатшысы Лиза Аллан туды Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевке салтанатпен табыстады.
"Дзюдодан келесі әлем чемпионаты 2027 жылдың 7–14 маусым аралығында Астана қаласында өтеді. Аталған дода 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіндегі маңызды жарыс. Әлемнің үздік дзюдошылары Олимпиада жолдамасына қол жеткізу үшін қажетті рейтингтік ұпайлар үшін сынға түседі", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев әлем чемпионатына дайындық барысында жарысты ұйымдастыруға және ұлттық құраманың дайындығына басымдық берілетінін айтты.
"Әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу – халықаралық спорт қауымдастығының елімізге білдірген сенімінің көрінісі. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Біздің міндетіміз – жарысты Халықаралық дзюдо федерациясының талаптарына сай өткізу және ұлттық құраманың дайындығын қамтамасыз ету", – деді Есекеев.
Осылайша, 2027 жылы дзюдодан әлем біріншілігі араға 12 жыл салып қайтадан Қазақстанда өтеді. Осыған дейін 2015 жылы Астана қаласында әлем біріншілігі ұйымдастырылған болатын. Сонымен қатар, 2023–2026 жылдар аралығында Қазақстан төрт жыл қатарынан Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне енген, Олимпиада ойындарына іріктеу жүйесінде маңызды рөл атқаратын беделді Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирін өткізді.
Айта кетері, Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов (-60 кг) финалға шығып, күміс жүлдегер атанған болатын.