Қазақстан мен Кувейт арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылуы мүмкін

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуСамолет Airbus A330
Самолет Airbus A330 - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Жазылу
2021 жылы Эль-Кувейт – Алматы бағыты бойынша тікелей рейстер ашылып, кейін өңірдегі жағдайға байланысты тоқтатылған
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Кувейт арасында тікелей рейстерді қалпына келтіру мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше Қазақстанның Кувейттегі елшісі Ержан Елекеев пен "Jazeera Airways" әуе компаниясының бас атқарушы директоры Баратан Пасупати тікелей әуе қатынасын қайта қалпына келтіру перспективасын талқылады.
"Jazeera Airways" басшылығы Қазақстан бағытына деген қызығушылығы сақталғанын растады. Сондай-ақ өңірдегі жағдай тұрақтанып, рейстерді орындауға қолайлы жағдай қалыптасқан кезде екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіруге ниетті екенін білдірді", - деп жазылған хабарламада.
Тараптар Қазақстанның Кувейт азаматтары үшін туристік бағыт ретіндегі әлеуетін атап өтіп, еліміздің табиғи көрікті жерлері мен демалыс мүмкіндіктерінің тартымдылығына назар аударды.
"Jazeera Airways" – Таяу Шығыс, Азия, Еуропа және Африка елдеріне 50-ден астам бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайтын Кувейттің жеке әуе компаниясы.
2021 жылы әуе компаниясы Эль-Кувейт пен Алматы арасында тікелей рейстер ашқан. Алайда кейіннен өңірдегі жағдайға байланысты бұл рейстер тоқтатылды.
Официальная церемония встречи Султана Омана Хайсама бен Тарика Аль Саида с президентом Казахстана Касым-Жомартом Токаевым - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2026
Қазақстан мен Оман тікелей әуе рейстерін көбейтеді
Жаңалықтар
0