Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевСитуация в казахстанских ЦОНах , 28.09.2022 г.
Ситуация в казахстанских ЦОНах , 28.09.2022 г. - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Жазылу
Үкіметтің жаңа қаулысында кімдердің бұл талаптан босатылатыны айқындалған
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Үкімет елге иммигранттардың кіруі мен болуын реттейтін ережелерді жаңартты.
Қаулыға сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің және екіжақты визасыз келісімдері бар елдердің азаматтары кіруге электронды рұқсат алуға міндетті.
Электрондық рұқсат беру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі және рұқсат 180 күнтізбелік күн мерзімге беріледі. Алайда, 2027 жылғы 1 шілдеден бастап бұл талап міндетті сипатқа ие болады және оны алмаған жағдайда елге кіруге рұқсат етілмейді.
Рұқсат цифрлық платформа арқылы ішкі істер органдарымен және Ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім бойынша тегін беріледі. Өтініштерді елге кірудің жоспарланған күніне дейін кемінде 72 сағат қалғанда беру қажет.
Тиісті растаушы құжаттары болған жағдайда, келесі тұлғалар Қазақстанға кіруге арналған электрондық рұқсатты алудан босатылады:
шет мемлекеттер, үкіметтер мен халықаралық ұйымдар басшылары және олардың отбасы мүшелері;
шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар парламенттері мен үкіметтерінің мүшелері және олардың отбасы мүшелері;
Қазақстанның құрметті консулдары және олардың отбасы мүшелері.
Сондай-ақ, дипломатиялық паспорт иелері және басқа да санаттағы тұлғалар.
Стартапы и IT-компании представили решения на Digital Bridge 2025 - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2026
Қазақстан шетелдік мамандар мен инвесторлар үшін көші-қон талаптарын жеңілдетеді
Жаңалықтар
0