Қазақстан шетелдік мамандар мен инвесторлар үшін көші-қон талаптарын жеңілдетеді

© Photo : искусСтартапы и IT-компании представили решения на Digital Bridge 2025
Стартапы и IT-компании представили решения на Digital Bridge 2025 - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көші-қон саясатын жетілдіруге бағытталған өзгерістердің басым бағыттарын түсіндірді.
Бұл жарлық жай ғана құжат емес, көші-қон саясатын жаңа деңгейге жеткізудегі маңызды қадам деген Балаева басым бағыттар туралы айтты.
"Бұл бағыттарды жүзеге асыру - барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді, жүйелі жұмысын талап ететін ортақ міндет. Қарапайым тілмен айтқанда біз бұрынғы күрделі, әрі шектеулерге толы жүйелерден біртіндеп бас тартып, ашық, әрі икемді модельге көшемізә, дейді ол.
Басты мақсат – отандық экономикаға қажетті сұранысқа ие мамандықтар үшін ашық, қолайлы көші-қон жүйесін қалыптастыру.
"Өз кезегінде бұл олардың еркін келуіне, кәсіби әлеуетін толық іске асыруына, Қазақстан қоғамына толыққанды, әрі жайлы бейімделуіне мүмкіндік береді", - дейді премьер-министрдің орынбасары.
Бұл орайда басымдық берілетін нақты қадамдар:
бірінші - көш-қон саласында сервистік мемлекетті қалыптастыру. Мемлекеттік қызметтер барынша ашық, қарапайым қолжетімді болады. Іс жүзінде "бір терезе" қағидасын кеңейту, негізгі процестері толық цифрландыру және ведомствоаралық келісімдерді қысқарту арқылы жүзеге асады. Яғни мәртебе рәсімдеу, жұмысқа алу сияқты барлық рәсімдер біртұтас жүйе арқылы түрлі огандарға қайта-қайта жүгінбей жүзеге асуы тиіс;
екінші - әкімшілік істерді бюрократиядан арылтып, тиімділігін арттыру. Өтініштерді қабылдау мерзімі қысқартылып, рәсімдер оңтайландырылады. Цифрлық бақылау құралдары енгізіледі. Бұл өз кезегінде азаматтар үшін де, мемлекет үшін де ресурстарды азайтады;
үшінші - "Алтын виза" тетігі енгізіледі, адами капиталын жоспарлы түрде тарту моделі енгізіледі.
"Бұл инвесторлар мен жоғары білікті мамандар үшін тұрақты әрі болжамды жағдай қалыптастыруға бағытталған. Мысалы өндіріс немесе инфоқұрылым саласында жоба іске асыратын инвесторлар үшін елде ұзақ мерзімді тұрақты қызмет ету мүмкіндігі беріледі. Сол сияқты инженерия, ІТ немесе медицина сияқты салаларда сұранысқа ие мамандар үшін де еңбек нарығына шығу жеңілдетіледі", - дейді Балаева.
Төртінші маңызды бағыт – еңбек нарығының икемділігін арттыру, оның ішінде кәсіби біліктілікті тану рәсімдерін жеңілдету. Бұл әсіресе кадр тапшылығы бар және жоғарғы технологиялық салалар үшін маңызды. Кей жағдайда біліктілікті растау мерзімі айтарлықтай қысқарып, сапа мен қауіпсіздік талаптары толық сақталады. Бұл ретте ең маңыздысы, барлық реформа институционалдық тұрақтылықты күшейту және цифрлық бақылауды күшейту аясында жүзеге асырылып жатыр.
"Яғни мемлекет реттеуді әлсіретпейді, керісінше нақты, дәл, технологиялық тұрғыдан тиімді етеді. Стратегилық тұрғыдан алғанда бұл Қазақстанның инвестиция, технология және адами капиталы үшін жаҺандық бәсекедегі орнын күшейтуге бағытталған. Бұл білімге негізделген экономиканы дамыту, сапалы өсудегі маңызды қадам", - дейді Балаева.
Доллар, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2026
Қазақстан $95 млн тартып, ЖИ-жобаларын қаржыландыруды бастады
Жаңалықтар
0