Ақмола облысында балықшы суға батып кетті

© Sputnik / Санат ИмангалиевРека Урал
Река Урал - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Жазылу
Іздестіру жұмыстары барысында жағадан шамамен 100 метр қашықтықтағы қамыс арасынан резеңке қайық табылды
АЛМАТЫ, 14 қазан – Sputnik. Ақмола облысының Бұланды ауданында балық аулауға кеткен ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Оқиға 13 қазанда Никольское ауылының маңындағы Жарлыкөл көлінде болған. Құтқарушыларға 1958 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.
"Ер адам балық аулап жүрген. Іздестіру жұмыстары барысында жағадан шамамен 100 метр қашықтықтағы қамыс арасынан резеңке қайық табылды. Бүгін таңертең ер адамның денесі табылып, судан шығарылды", – деп хабарлады құтқарушылар.
Алдын ала мәлімет бойынша балықшы суға батып кеткен.
Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция және жергілікті тұрғындар қатысты.
Зайсан - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2026
Видео
Зайсан көлінде тағы екі балықшы суға батып кетті
Жаңалықтар
0