https://sputnik.kz/20260930/zaysan-kolinde-tagy-eki-balyqshy-suga-batyp-ketti-67164688.html
Зайсан көлінде тағы екі балықшы суға батып кетті
Зайсан көлінде тағы екі балықшы суға батып кетті
Sputnik Қазақстан
Іздестіру жұмыстарының алғашқы күнінде жағалаудан 3-4 шақырым қашықтықта суға батқан қайық табылды 30.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-30T09:11+0500
2026-09-30T09:11+0500
2026-09-30T10:02+0500
шығыс қазақстан
суға батты
балықшылар
видео
https://sputnik.kz/img/07e8/07/11/45707366_0:0:1200:676_1920x0_80_0_0_d7f17d3e218d97ea1a654007fc991eee.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі Зайсан көлінде хабар-ошарсыз кеткен екі ер адамды іздестіру жұмыстары аяқталғанын хабарлады.Белгілі болғандай, 22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Балықшы ауылдық округінде 1979 және 2001 жылы туған екі ер адам Зайсан көліне балық аулауға шығып, қайтып оралмаған.ТЖМ күштері мен құралдарымен үздіксіз іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар өз қайықтарымен қатысқан.Іздестіру жұмыстары барысында ТЖМ құтқарушылары 63 рет сүңгу жұмыстарын жүргізіп, жағалау сызығы мен көлдің акваториясын, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, тексерді.Іздестіру жұмыстары ауа райының қолайсыздығына, қатты жел мен су бетіндегі толқынға, сондай-ақ тексерілетін акватория аумағының үлкен болуына байланысты қиындады. Бұл сүңгуірлердің жұмысына және судағы іздестіру топтарының қозғалысына айтарлықтай кедергі келтірді, дейді құтқарушылар.Еске салайық, 17 қыркүйекте балық аулауға шыққан үш ер адамның қайығы аударылып, олар суға кеткені жөнінде хабар тарады. Үшеудің өз күшімен жүзіп, аман қалған. 1968 және 1995 жылы туған кі балықшының мәйіті бір күннен кейін табылды.
https://sputnik.kz/20260917/zaysan-kolinde-suga-batqan-eki-balyqshy-izdestirilip-zhatyr-66747251.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/11/45707366_51:0:1118:800_1920x0_80_0_0_78bf8e6917947bbf10fb4f67871a8e10.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, суға батты, балықшылар
шығыс қазақстан, суға батты, балықшылар
Зайсан көлінде тағы екі балықшы суға батып кетті
09:11 30.09.2026 (жаңартылды: 10:02 30.09.2026) Іздестіру жұмыстарының алғашқы күнінде жағалаудан 3-4 шақырым қашықтықта суға батқан қайық табылды
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі Зайсан көлінде хабар-ошарсыз кеткен екі ер адамды іздестіру жұмыстары аяқталғанын хабарлады.
Белгілі болғандай, 22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Балықшы ауылдық округінде 1979 және 2001 жылы туған екі ер адам Зайсан көліне балық аулауға шығып, қайтып оралмаған.
ТЖМ күштері мен құралдарымен үздіксіз іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар өз қайықтарымен қатысқан.
"Іздестіру жұмыстарының алғашқы күнінде жағалаудан 3-4 шақырым қашықтықта суға батқан қайық табылды. 29 қыркүйекте жергілікті тұрғындар 2001 жылы туған ер адамның денесін тапты. 30 қыркүйекте құтқарушылар 1979 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты", - деп жазылған хабарламада.
Іздестіру жұмыстары барысында ТЖМ құтқарушылары 63 рет сүңгу жұмыстарын жүргізіп, жағалау сызығы мен көлдің акваториясын, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, тексерді.
Іздестіру жұмыстары ауа райының қолайсыздығына, қатты жел мен су бетіндегі толқынға, сондай-ақ тексерілетін акватория аумағының үлкен болуына байланысты қиындады. Бұл сүңгуірлердің жұмысына және судағы іздестіру топтарының қозғалысына айтарлықтай кедергі келтірді, дейді құтқарушылар.
Еске салайық, 17 қыркүйекте балық аулауға шыққан үш ер адамның қайығы аударылып, олар суға кеткені жөнінде хабар тарады. Үшеудің өз күшімен жүзіп, аман қалған. 1968 және 1995 жылы туған кі балықшының мәйіті бір күннен кейін табылды.