https://sputnik.kz/20260917/zaysan-kolinde-suga-batqan-eki-balyqshy-izdestirilip-zhatyr-66747251.html
Зайсан көлінде суға батқан екі балықшы іздестіріліп жатыр
Зайсан көлінде суға батқан екі балықшы іздестіріліп жатыр
Sputnik Қазақстан
Қатты желдің салдарынан қайық аударылып кеткен 17.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-17T18:26+0500
2026-09-17T18:26+0500
2026-09-17T18:26+0500
шығыс қазақстан
зайсан
балықшылар
суға батты
видео
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0d/25505416_0:91:1287:815_1920x0_80_0_0_568da15810be9fbdc36c6d68359038cd.jpg
АСТАНА, 17 қыркүйек - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Тагил ауылдық округінде суға кеткен екі балықшы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Айтуларынша, балықшылардың қайығы аударылып кеткен.Департаменттің мәліметінше, 1968 және 1995 жылы туылған екі адам суға батып кеткен. Оларда құтқару кеудешелері болмаған.Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖД күштері мен құралдары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, қайықтар, жүзу құралдары және суасты дрондары жұмылдырылған. Іздеуге жергілікті тұрғындар да шыққан. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20260914/ertis-ozeninde-qayyq-audaryldy--bir-adam-iz-tuzsiz-zhogalyp-ketti-66614425.html
шығыс қазақстан
зайсан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0d/25505416_12:0:1287:956_1920x0_80_0_0_db28b58081df6786fb635f4db8956ff8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, зайсан, балықшылар, суға батты
шығыс қазақстан, зайсан, балықшылар, суға батты
Зайсан көлінде суға батқан екі балықшы іздестіріліп жатыр
Қатты желдің салдарынан қайық аударылып кеткен
АСТАНА, 17 қыркүйек - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Тагил ауылдық округінде суға кеткен екі балықшы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Айтуларынша, балықшылардың қайығы аударылып кеткен.
"Үш адам қайыққа отырып, балық аулауға шыққан. Қатты желдің салдарынан қайық аударылған. 1968 жылы туған балықшылардың бірі өздігінен жүзіп жан сақтаған. Оны жергілікті тұрғындар құтқарды", - дейді департамент.
Департаменттің мәліметінше, 1968 және 1995 жылы туылған екі адам суға батып кеткен. Оларда құтқару кеудешелері болмаған.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖД күштері мен құралдары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, қайықтар, жүзу құралдары және суасты дрондары жұмылдырылған. Іздеуге жергілікті тұрғындар да шыққан. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.