Ертіс өзенінде қайық аударылды – бір адам жоғалып кетті

© Photo : СС0 / analogicusҚайық
Қайық - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2026
Жазылу
Қайықта бес адам болған
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысында Ертіс өзенінде қайық аударылғаннан кейін бір адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 12 қыркүйек күні Жанауыл ауылының маңында қайықтың аударылғаны туралы хабарлама түскен. Қайықта бес адам болған. Олардың төртеуі өз күшімен жағаға шыққан. Ал 1983 жылы туған ер адам суға батып кетті деген болжам бар.
"Қазіргі кезде Ертіс өзенінің түбі шамамен 35 шақырым аумақта зерттелді. Сүңгуірлер шамамен 5 000 шаршы метр аумақты тексерді. Мамандар эхолоттарда да пайдаланып жатыр. Іздеу жұмыстары жалғасуда", - дейді құтқарушылар.
Төтенше жағдайлар депаратменті желдің жылдамдығы секундына 15 метр және одан жоғары болған жағдайда шағын көлемді кемелермен суға шығуға болмайтынын ескертеді. Суда жүзу де адам өмірі мен денсаулығына қауіпті.
Ақтаудағы Каспий теңізі - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2026
Видео
Ақтауда қайық тасқа соғылып, екі адам көз жұмды
Жаңалықтар
0