Алматыдағы хайуанаттар бағы қысқа қалай дайындалады

© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жазылу
Жануарлардың көбі қыркүйек айынан бастап жылы жерге ауыстырылған
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Алматыға күз келді, ауа температурасы төмендеді. Дегенмен зообақта күндіз далада жүрген пілдер, мүйізтұмсықтар мен керіктерді әлі де көруге болады.
Олардың жататын жерін қысқа дайындап қойған. Ал жолбарыстар жейтін еттің салмағын арттыру қажет. Бұдан бөлек, зообақта жүздеген құс қысқа қалады. Sputnik Қазақстан хайуанаттар бағының қысқа қалай дайындалғанын біліп қайтты.

Алматыдағы хайуанаттар бағы қысқа қалай дайындалады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Хайуанаттар бағында қысқа дайындық бір ай бұрын басталған. Пілдер жататын жерде жылы еден қосылды, керіктерде жылу батареяларын ауыстырып қойды.

Обитатели Алматинского зоопарка
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Зообақтың бас ветеринары Виталий Сачковтың айтуынша, жануарлардың көбісі қыркүйек айынан бастап жылы жерге ауыстырылды.

Алматыдағы хайуанаттар бағы қысқа қалай дайындалады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
"Бірақ күндіз далаға шығып тұрады. Ал маймылдар толығымен жылы бөлмелерге орналастырылды. Себебі олар белгілі бір температурада жүруі керек. Қазір далаға шықса, ауырып қалады", - дейді бас ветеринар.

Алматыдағы хайуанаттар бағы қысқа қалай дайындалады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Күн суығанда жануарлар тамақты да көп жей бастайды. Мәселен, жолбарыстарға қосымша 2-3 келі ет беріледі. Себебі олар жыл бойы далада жүре алады.

Алматыдағы хайуанаттар бағы қысқа қалай дайындалады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Зообақтағы үш көлшікте 500-ге жуық үйрек пен қаз да қыстайды. Олардың жемін кем дегенде үш есеге арттырады.

Алматыдағы хайуанаттар бағы қысқа қалай дайындалады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
"Ал дәрумендер жыл бойы беріледі. Біз жыл мезгіліне қарамаймыз. Сосын вакцина да жыл бойы салынып тұрады", - деп атап көрсетті Сачков.
