Алматы хайуанаттар бағында Қызыл кітапқа енген керқұлан құлындады
18:34 15.07.2026 (жаңартылды: 18:53 15.07.2026)

© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жазылу
Құрбанкүл есімді керқұлан (Пржевальск жылқысы) құлындаған
АСТАНА, 15 шілде — Sputnik. Маусым айының ортасында Алматы хайуанаттар бағында Қызыл кітапқа енген Пржевальский жылқысының құлыны дүниеге келді.
Құрбанкүл есімді керқұлан (Пржевальск жылқысы) құлындап, дүниеге келген құлынға Желмая деген есім берілген.
Бақ қызметкерлерінің айтуынша, бұл — Құрбанкүлдың екінші құлыны.

Алматы хайуанаттар бағында Қызыл кітапқа енген керқұлан құлындады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Бақ қызметкерлерінің айтуынша, бұл сирек кездесетін құбылыс. Хайуанаттар бағы 30 жылға жуық уақыт бойы жойылып бара жатқан хайуанаттар түрін жасанды жолмен қалпына келтіру бағдарламасын жүзеге асырып келеді.
Алматы хайуанаттар бағының ветеринары Юлия Дудкинаның айтуынша, табиғат әлеміне аз да болса қызығушылық танытқан кез келген адам Пржевальский жылқыларының бір кездері толығымен жойылып кеткенін жақсы біледі. Қазір арнайы бағдарлама аясында популяция жасанды түрде қалпына келтіріліп жатыр.
"Бұл жұмыс көптеген жыл бұрын басталды. "Таза қанды" Пржевальский жылқылары хайуанаттар бағынан резервтік гендік қор құру үшін алынды және бұл жұмыс әлі де белсенді түрде жүргізіліп келеді. Бүгінде Пржевальский жылқылары Қазақстанда Қостанай өңірінде босатылады және қателеспесем, олар Алтын-Емел ұлттық табиғи саябағында да бар", - деді ол.

Алматы хайуанаттар бағында Қызыл кітапқа енген керқұлан құлындады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Айтуынша, Пржевальский жылқыларының популяциясының толық қалпына келуі үшін әлі де біраз уақыт керек. Осыған байланысты бірқатар хайуанаттар бағында бұл жануарлардың белгілі бір санын ұстауды жалғастырып жатыр. Алматы хайуанаттар бағында керқұландар келушілер кіре алмайтын аймақта мекендейді. Себебі адамдар оларды тамақтандырып, шошытып, стреске түсіруі мүмкін, дейді ветеринар.
Жалпы, Алматы хайуанаттар бағында жануарлардың сирек кездесетін түрлері әрқашан мекендеп келген және олардың көбі ұрпақ қалдырған.
"Алматы хайуанаттар бағы ұзақ өмір сүретін жануарларымен ерекшеленеді. Сондай-ақ ақ аю, Амур жолбарыстары, Пржевальский жылқылары сияқты жануарларға арналған бағдарламалары сәтті жүзеге асырып келеді. Сондықтан халықаралық хайуанаттар бағы қауымдастығы бізге осындай жануарларды сеніп тапсырады. Бұл олардың түрлерінің сақталуы үшін өте маңызды", - дейді маман.
