Алматы метросында жолаушының сөмкесінен екі оқ-дәрі табылды

© ДП АлматыВ метро Алматы у пассажира обнаружили боеприпасы
В метро Алматы у пассажира обнаружили боеприпасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
Жазылу
Жолаушы ұсталып, Бостандық ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Алматы метросында тексеру кезінде жолаушының сөмкесінен екі оқ-дәрі табылды.
© ДП АлматыВ метро Алматы у пассажира обнаружили боеприпасы
В метро Алматы у пассажира обнаружили боеприпасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2026
В метро Алматы у пассажира обнаружили боеприпасы
Оқиға "Алатау" станциясында болды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
"Көлік қауіпсіздігі қызметімен бірлесіп, рентген құрылғысы арқылы жүргізілген тексеру барысында сөмкеден 5,45 мм калибрлі екі оқ-дәрі табылып, тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.
Жолаушы ұсталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Бостандық ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Патроны - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2023
Өңірлер
Талдықорғанда Ардагерлер саябағынан оқ-дәрі табылды
Жаңалықтар
0