Өңірлер

Талдықорғанда Ардагерлер саябағынан оқ-дәрі табылды

© Sputnik / Тимур БатыршинПатроны
Патроны - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2023
Жазылу
ТАЛДЫҚОРҒАН, 22 наурыз – Sputnik. Талдықорғанда Ардагерлер саябағында 800-ден астам әскери қарудың оқ-дәрісі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Аталған факті бойынша ақпаратты облыс полицейлері таратты. Ардагерлер саябағының маңында орналасқан демалыс орындарының бірінің жанында анықталған.
Тәртіп сақшылары тапанша, револьвер, автомат және қарудың басқа түрлерінде қолдануға болатын 9 мм 838 патрон тапты.
"Патрондар арнайы қағаз ыдыстарға оралып, үлкен кенеп қапшыққа оралған", - дейді облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Сарқытбай Құсайынов.
Ол бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталады.
Жаңалықтар
0