Қазақстан мен Қырғызстан газ желісі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті

© Photo : Пресс-служба QazaqGazҚазақстан мен Қырғызстан газ желісі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті
Қазақстан мен Қырғызстан газ желісі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2026
Жазылу
Құжат табиғи газды тасымалдау, бөлу және есепке алу, сондай-ақ газ инфрақұрылымы нысандарын пайдалануды көздейді
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Қазақстандық ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, QazaqGaz және "Газпром Кыргызстан" газ компаниялары екіжақты меморандумға қол қою арқылы газ инфрақұрылымына қызмет көрсету және оны дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаласты.

"Меморандумға қол қою компанияларымыз арасындағы практикалық ынтымақтастықты нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашады. Тәжірибе және озық техникалық шешімдермен алмасу өндірістік процестерді жетілдіруге, сондай-ақ газ инфрақұрылымының жұмыс істеу сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді", — деді QazaqGaz басшысы Әлібек Жамауов.

Құжат табиғи газды тасымалдау, бөлу және есепке алу, сондай-ақ газ инфрақұрылымы нысандарын пайдалану мен оларға қызмет көрсету, заманауи технологияларды енгізу және өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру салаларындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамытуды көздейді, делінген хабарламада.
Тараптар газ желілерінің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, технологиялық процестерді жетілдіруге, сондай-ақ цифрландыру мен диспетчерлік басқаруды дамытуға ерекше назар аударады.

"Екі мемлекет мамандардың өндірістік нысандарға өзара сапарларын ұйымдастыруды, техникалық кеңестер, бірлескен жұмыс кездесулері мен оқыту сабақтарын өткізуді, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою саласында тәжірибе алмасуды көздеп отыр", — дейді компания.

QazaqGaz – 2000 жылы құрылған Қазақстанның ұлттық газ компаниясы. Компания жалпы ұзындығы 20 600 шақырымнан асатын магистральдық газ құбырларын және 59 000 шақырымнан астам газ тарату желілерін пайдаланады. Оның қызметі Қазақстанның 11 өңірін, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қамтиды.
Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысын талқылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2026
Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысын талқылады
Жаңалықтар
0