https://sputnik.kz/20260923/qazaqstan-qyrgyzstan-men-ozbekstan-qambar-ata-ges-1-qurylysyn-talqylady-66946311.html
Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысын талқылады
Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысын талқылады
Sputnik Қазақстан
Тараптар келісім жобасының негізгі ережелерін, оның ішінде жобаны бірлесіп іске асыру және басқару тетіктерін талқылады 23.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-23T18:44+0500
2026-09-23T18:44+0500
2026-09-23T18:44+0500
қазақстан
қырғызстан
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/07ea/09/17/66941026_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_75c380f3d6ddd5fa5ed7be1ee120858c.jpg
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Алматыда Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан арасындағы Қамбар-Ата ГЭС-1 жобасын бірлесіп іске асыру туралы Үкіметаралық келісім жобасы бойынша үшжақты келіссөздердің үшінші раунды өтті, деп хабарлады Энергетика министрлігі.Қазақстан үшін Қамбар-Ата ГЭС-1 жобасына қатысу су ресурстары мен энергетика салаларындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту, Орталық Азияның энергетикалық жүйелерінің тұрақтылығын арттыру, сондай-ақ трансшекаралық су ресурстарын тиімді әрі өзара тиімді пайдалану тетіктерін дамыту тұрғысынан маңызды мәнге ие, дейді министрлікте.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар келісім жобасының жекелеген келісілмеген ережелерін пысықтауда қол жеткізілген ілгерілеуді атап өтіп, қалған мәселелерді өзара құрмет, әр тараптың мүдделерін ескеру және өзара қолайлы шешімдер әзірлеуге ұмтылу қағидаттары негізінде келісуді жалғастыру туралы уағдаласты.Үкіметаралық келісім жобасы бойынша келіссөздердің бірінші раунды 2026 жылғы 31 наурыз – 2 сәуір аралығында Бішкек қаласында, екінші раунды 28–30 сәуір аралығында Ташкент қаласында өтті.
https://sputnik.kz/20260826/qazaqstanda-32-su-qoymasynda-shagyn-ges-salynady-66089490.html
қазақстан
қырғызстан
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/17/66941026_71:0:1210:854_1920x0_80_0_0_1c466089ff079ae1afaf71e1b1b92dbb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қырғызстан, өзбекстан
қазақстан, қырғызстан, өзбекстан
Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысын талқылады
Тараптар келісім жобасының негізгі ережелерін, оның ішінде жобаны бірлесіп іске асыру және басқару тетіктерін талқылады
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Алматыда Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан арасындағы Қамбар-Ата ГЭС-1 жобасын бірлесіп іске асыру туралы Үкіметаралық келісім жобасы бойынша үшжақты келіссөздердің үшінші раунды өтті, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
"Тараптар келісім жобасының негізгі ережелерін, оның ішінде жобаны бірлесіп іске асыру және басқару тетіктерін, қаржыландыру және міндеттемелерді бөлу мәселелерін, сондай-ақ үш мемлекеттің одан әрі іс-қимылдарын үйлестіру мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады", - деп жазылан хабарламада.
Қазақстан үшін Қамбар-Ата ГЭС-1 жобасына қатысу су ресурстары мен энергетика салаларындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту, Орталық Азияның энергетикалық жүйелерінің тұрақтылығын арттыру, сондай-ақ трансшекаралық су ресурстарын тиімді әрі өзара тиімді пайдалану тетіктерін дамыту тұрғысынан маңызды мәнге ие, дейді министрлікте.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар келісім жобасының жекелеген келісілмеген ережелерін пысықтауда қол жеткізілген ілгерілеуді атап өтіп, қалған мәселелерді өзара құрмет, әр тараптың мүдделерін ескеру және өзара қолайлы шешімдер әзірлеуге ұмтылу қағидаттары негізінде келісуді жалғастыру туралы уағдаласты.
Үкіметаралық келісім жобасы бойынша келіссөздердің бірінші раунды 2026 жылғы 31 наурыз – 2 сәуір аралығында Бішкек қаласында, екінші раунды 28–30 сәуір аралығында Ташкент қаласында өтті.