Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарашада өтеді

© Sputnik / Абзал КалиевЗдание Центральной избирательной комиссии РК
Здание Центральной избирательной комиссии РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2026
Жазылу
Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулыны жариялады
АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылдың 29 қарашасына белгіленді.
Сайлау күні республиканың Орталық сайлау комиссиясының отырысында бекітілді.
Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну мерзімі – 2026 жылғы 14 қазаннан 27 қазан сағат 18:00-ге дейін.
Партиялық тізімдерді тіркеу 1 қараша күні сағат 18:00-де аяқталады.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетінін жариялаған болатын.
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Жаңалықтар
0