Мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

© Sputnik / Санат ИмангалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Жазылу
Президент Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс сайлауды тағайындап, оны өткізуді тапсырды
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін "Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" Жарлыққа қол қойды", - деп жазылған хабарламада.
Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды.
Депутаты мажилиса - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2026
Мәслихат депутаттарының саны өзгерді: ОСК жаңа қаулы қабылдады
Жаңалықтар
0