https://sputnik.kz/20261009/maslikhat-deputattarynyn-sany-ozgerdi-osk-zhana-qauly-qabyldady-67440767.html
Мәслихат депутаттарының саны өзгерді: ОСК жаңа қаулы қабылдады
Мәслихат депутаттарының саны өзгерді: ОСК жаңа қаулы қабылдады
Sputnik Қазақстан
Халық саны 200 мың адамға артқан сайын депутаттар саны екі адамға көбейеді 09.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-09T14:54+0500
2026-10-09T14:54+0500
2026-10-09T15:19+0500
депутат
мәслихат
https://sputnik.kz/img/07e9/05/10/53612800_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_07bb375735d70bfdafc43c9edf5bc127.jpg
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарының санына қатысты қаулыға өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Мәслихат депутаттарының саны елді мекендегі халық санына қарай белгіленеді.Жаңа тәртіп бойынша:Халық саны 200 мың адамға артқан сайын депутаттар саны екі адамға көбейеді. Шағын қалаларда халық саны әр 25 мың адамға, ал аудандарда әр 15 мың адамға өскен сайын депутаттар саны бір адамға артады.ОСК қаулысында кейбір қалалар мен аудандардағы мәслихат депутаттарының нақты саны да көрсетілген.Алматы облысы:Жамбыл облысы:Абай облысы:Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Катонқарағай, Мақаншы, Жаңасемей, Үлкен Нарын және Марқакөл аудандарындағы мәслихаттарда 10 депутаттан болады.Айта кетері, Қазақстанда жыл соңына дейін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуі мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін талқылап, тиісті жарлыққа қол қояды.
https://sputnik.kz/20261008/qazaqstanda-kezekten-tys-maslikhattar-saylauy-otedi--dauys-beru-tartibi--67416536.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/10/53612800_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_5481d70b65beb99f7709dd3e3f921b37.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, мәслихат
Мәслихат депутаттарының саны өзгерді: ОСК жаңа қаулы қабылдады
14:54 09.10.2026 (жаңартылды: 15:19 09.10.2026) Халық саны 200 мың адамға артқан сайын депутаттар саны екі адамға көбейеді
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарының санына қатысты қаулыға өзгеріс енгізді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Мәслихат депутаттарының саны елді мекендегі халық санына қарай белгіленеді.
Халқы 15 мың адамға дейінгі аудандарда – 10 депутат;
Халқы 50 мың адамға дейінгі қалаларда – 11 депутат;
Халқы 300 мың адамға дейінгі облыстарда – 23 депутат;
Астана, Алматы және Шымкент қалаларында – 30 депутатқа дейін.
Халық саны 200 мың адамға артқан сайын депутаттар саны екі адамға көбейеді. Шағын қалаларда халық саны әр 25 мың адамға, ал аудандарда әр 15 мың адамға өскен сайын депутаттар саны бір адамға артады.
ОСК қаулысында кейбір қалалар мен аудандардағы мәслихат депутаттарының нақты саны да көрсетілген.
Қарасай ауданы – 25 депутат;
Еңбекшіқазақ ауданы – 25 депутат;
Жамбыл ауданы – 13 депутат.
Үржар ауданы – 11 депутат.
Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Катонқарағай, Мақаншы, Жаңасемей, Үлкен Нарын және Марқакөл аудандарындағы мәслихаттарда 10 депутаттан болады.
Айта кетері, Қазақстанда жыл соңына дейін мәслихат депутаттарының
кезектен тыс сайлауы өтуі мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін талқылап, тиісті жарлыққа қол қояды.