Жетісу облысының диқандары суару маусымы кезінде 900 млн текше метрге жуық су алды

© Sputnik/Ертай Сарбасов Sputnik /Камшат АбдирайымЖетісу облысында вегетация кезеңінде диқандарға 900 млн текше метрге жуық су берді
Жетісу облысында вегетация кезеңінде диқандарға 900 млн текше метрге жуық су берді - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Жазылу
122 мың гектар жер суарылды
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Жетісу облысындағы "Қазсушар" филиалы вегетация кезеңінде диқандарға 900 млн текше метрге жуық су берді, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен егістікті суару үшін су беру жөнінде 8 092 келісімшарт жасалған. Нәтижесінде диқандарға нақты 895,8 млн текше метр су беріліп, 122,3 мың гектар жер суарылды. Сонымен қатар 29,2 мың гектар алқапта ылғал жинау мақсатында суару жұмыстары жүргізілген.

"Келесі вегетация кезеңіне дайындық аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен суды ұтымды пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу, бір дақылды үздіксіз өсіру көлемін қысқарту және ауыспалы егіс талаптарын сақтау мәселелері бойынша жұмыс жалғасады", - деді "Қазсушар" Жетісу облыстық филиалының директоры Медет Керімжанов.

2026 жылдың басынан бері Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы Жетісу облысында 76 тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде жалпы сомасы шамамен 15,9 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды. Жеті іс бойынша материалдар сотта қаралды.
Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға берілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2026
Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға берілді
Жаңалықтар
0