https://sputnik.kz/20260908/su-resurstarynyn-ulttyq-aqparattyq-zhuyesi-onerkasiptik-paydalanuga-berildi-66456894.html
Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға берілді
Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға берілді
Sputnik Қазақстан
Бүгінде Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінде 23 мыңнан астам су нысаны туралы деректер цифрландырылған 08.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-08T09:05+0500
2026-09-08T09:05+0500
2026-09-08T09:05+0500
министрлік
су
жүйе
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1a/66088708_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_8e0d64de801d52c32581b9fe8c500ed5.jpg
АСТАНА, 8 қыркүйек - Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы" әзірлеген Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Ақпараттық жүйе - су нысандары, су шаруашылығы инфрақұрылымы, су пайдаланушылар, жерасты суы және саланың басқа да элементтері туралы деректерді біріктіреді. Жүйенің негізгі мақсаты – басқарушылық шешімдер қабылдау үшін бірыңғай, сенімді әрі өзекті деректер базасын қалыптастыруды қамтамасыз ету.Сонымен қатар жүйеде шамамен 3 мың ұйым мен 4 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген, су шаруашылығы және гидротехникалық нысандардың 9 мыңға жуық цифрлық паспорты енгізілген. Сондай-ақ 2,2 мыңнан астам бастапқы су есебі жөніндегі есеп пен 1,3 мыңнан астам 2-ТП нысанындағы есеп қабылданды.Министрлік сондай-ақ каналдар арқылы су беру бойынша тұтынушылармен электронды келісімшарттар жасасуды, онлайн төлем жүргізуді және су ресурстарын автоматтандырылған есептеуді көздейтін Су тұтынуды ерте болжау жүйесін тәжірибелік пайдалануға берді. Бүгінде келісімшарт жасасу процесі толықтай электронды форматқа көшірілді. Жыл басынан бері шаруалармен 29 мыңнан астам келісім жасалды.
https://sputnik.kz/20260907/qorgalzhyn-qorygyna-qoqiqazdar-ushin-40-mln-tekshe-metr-su-zhiberildi-66423488.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1a/66088708_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_a62fefab55dfb703f5f3e14da4d80793.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, су, жүйе
Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға берілді
Бүгінде Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінде 23 мыңнан астам су нысаны туралы деректер цифрландырылған
АСТАНА, 8 қыркүйек - Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы" әзірлеген Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға берілді.
Ақпараттық жүйе - су нысандары, су шаруашылығы инфрақұрылымы, су пайдаланушылар, жерасты суы және саланың басқа да элементтері туралы деректерді біріктіреді. Жүйенің негізгі мақсаты – басқарушылық шешімдер қабылдау үшін бірыңғай, сенімді әрі өзекті деректер базасын қалыптастыруды қамтамасыз ету.
"Бүгінде Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінде 23 мыңнан астам су нысаны туралы деректер цифрландырылып, жүйеленді. Оның ішінде 17 758 өзен, 3 148 көл және 1 207 гидротехникалық нысан бар", - дейді министрлік.
Сонымен қатар жүйеде шамамен 3 мың ұйым мен 4 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген, су шаруашылығы және гидротехникалық нысандардың 9 мыңға жуық цифрлық паспорты енгізілген. Сондай-ақ 2,2 мыңнан астам бастапқы су есебі жөніндегі есеп пен 1,3 мыңнан астам 2-ТП нысанындағы есеп қабылданды.
"Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінің функционалы су балансын жүргізуді, су пайдалануды есепке алу мен талдауды, су қоймаларының жай-күйін мониторингтеуді, трансшекаралық су нысандары жөніндегі деректермен жұмыс істеуді, сондай-ақ ғарыштық мониторингті қамтиды", - делінген хабарламада.
Министрлік сондай-ақ каналдар арқылы су беру бойынша тұтынушылармен электронды келісімшарттар жасасуды, онлайн төлем жүргізуді және су ресурстарын автоматтандырылған есептеуді көздейтін Су тұтынуды ерте болжау жүйесін тәжірибелік пайдалануға берді.
Бүгінде келісімшарт жасасу процесі толықтай электронды форматқа көшірілді. Жыл басынан бері шаруалармен 29 мыңнан астам келісім жасалды.