Саясат

Тоқаев Бельгия королі мен патшайымына Ұлттық балаларды оңалту орталығын көрсетті

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіҚасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филипп және патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филипп және патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралап көрді - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Жазылу
Сапар барысында Бельгия королі мен патшайымы Қазақстандағы балаларды оңалту жүйесімен, заманауи емдеу әдістерімен және ерекше қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін кешенді қолдау шараларымен танысты
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филипп және патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорда.
Мәртебелі меймандар дамуында ауытқуы бар балаларға кешенді көмек көрсету тәртібімен танысты.
Бельгия королі мен патшайымына ерекше қажеттіліктері бар балалардың коммуникативтік дағдыларын, таным-түйсігін және өз бетінше әрекет ету қабілетін шыңдауға бағытталған медициналық, психологиялық-педагогикалық оңалтудың және әлеуметтік бейімдеудің заманауи әдістері туралы баяндалды.
Жеке қалпына келтіру бағдарламаларында роботтандырылған реабилитация технологиясы да қолданылады.
"Орталық жұмысында әлеуметтік интеграцияға және балалардың қоғам тіршілігінен тыс қалмай, толыққанды өмір сүруіне жағдай жасауға айрықша мән беріледі", - деп жазылған хабарламада.
Король Филипп пен патшайым Матильда балалармен, олардың ата-аналарымен және медицина қызметкерлерімен әңгімелесіп, интерактивті бағдарламаға қатысты.
Бұдан кейін меймандар Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
Ұлттық балаларды оңалту орталығы психоневрологиялық дертке шалдыққан, сөйлеуінде, когнитивті дамуында және мінез-құлқында бұзылыстары бар, соның ішінде церебралды сал аурына душар болған және аутистік спектрі бұзылған балаларға кешенді көмек ұсынады.
Жыл сайын Қазақстанның барлық аймағынан 5 мыңнан астам пациентке оңалту қызметтері көрсетіледі.
Касым-Жомарт Токаев и король Бельгии Филипп провели брифинг для СМИ - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Саясат
Тоқаев: Бельгияның Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 15 млрд доллардан асты
Жаңалықтар
0