Саясат

Тоқаев: Бельгияның Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 15 млрд доллардан асты

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев и король Бельгии Филипп провели брифинг для СМИ
Касым-Жомарт Токаев и король Бельгии Филипп провели брифинг для СМИ - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Жазылу
Бельгия Қазақстанның жетекші инвестициялық серіктестерінің қатарына кіреді
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия королі Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді, деп хабарлады Ақорда.
"Сіздің елдің 2005 жылдан бері экономикамызға құйған инвестиция көлемі 15 миллиард доллардан асты. Көлік-логистика, аса маңызды минералдар, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, биотехнология, цифрландыру және ғарыш технологиялары салаларында ықпалдастықты жандандырып, жаңа мүмкіндіктерді қолға алуға уағдаластық", – деді мемлекет басшысы.
© Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
Касым-Жомарт Токаев и король Бельгии Филипп провели брифинг для СМИ - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
Президент тараптардың халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқанын айтты.
"Қазақстан мен Бельгия халықаралық құқық нормаларын сақтауға, көпжақты ықпалдастықты нығайтуға және қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге бейіл. Жаһандық ахуал құбылып тұрған қазіргі кезде диалог, өзара сенім мен жауапты дипломатия ерекше өзекті. Жуырда менің Брюссельге сапарым аясында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы стратегиялық серіктестіктің маңызды екенін растадық. Ол арнайы келісімде бекітілді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Король Филипптің айтуынша, Қазақстан нарығында бірқатар бельгиялық компания жұмыс істейді. Ол алдағы Қазақстан – Бельгия іскерлік кеңесі отырысына көп үміт артатынын жеткізді.
© Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
Касым-Жомарт Токаев и король Бельгии Филипп провели брифинг для СМИ - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
Сондай-ақ ол Қазақстанның бай тарихымен және мәдениетімен жақын танысуға ниетті екенін жеткізді.
© Пресс-служба президента Казахстана

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді - Sputnik Қазақстан
1/3

2/3

3/3

"Астана мен Алматының көрікті жерлері мен музейлерін аралап, Алтын Орда дәуірінен тамыр тартатын тарихпен тіл қатысуға асықпын. Бельгия делегациясымен бірге Абай шығармаларында айрықша суреттелген, қазақтың ұлттық ерекшеліктерін паш ететін табиғи және мәдени қазынамен танысуға құштармыз. Қазақ елі қонақжайлығымен мәшһүр. Елдеріңіз қоғамның ынтымақ-бірлігін өз ішінде ғана емес, аймақтық және халықаралық деңгейде нығайтуға белсенді түрде үлес қосып келеді. Осы бағытта Қазақстан әрдайым маңызды рөл атқарады", – деді ол.
Жаңалықтар
0