Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

© Sputnik / Тимур БатыршинОтработка по сотовым телефонам
Отработка по сотовым телефонам - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Жазылу
Бұған дейін верификациядан өту үшін басқа цифрлық ресурстарға өз бетінше жүгініп, қосымша құжаттарды алып, өтінім берген кезде оларды жүйеге жүктеу қажет болатын
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. 9 қазаннан бастап жеке тұлғалар абоненттік құрылғыларды тек цифрлық үкімет порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы верификациялай алады. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ хабарлады.
Бұған дейін верификациядан өту үшін азаматтар басқа цифрлық ресурстарға өз бетінше жүгініп, қосымша құжаттарды алып, өтінім берген кезде оларды жүйеге жүктеуі қажет болатын.
Телефонды eGov арқылы қалай верификациялауға болады?
Телефонды верификациялау үшін бірнеше қарапайым қадамды орындау қажет:
eGov Mobile қосымшасында өзіңізге ыңғайлы тәсілмен авторизациядан өту;
басты беттегі "Танымал қызметтер" бөлімінен "IMEI-ді верификациялауға өтінім" қызметін таңдау;
дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру немесе одан бас тарту үшін 1414 қысқа нөмірінен жіберілген SMS-хабарламаға жауап беру;
тіркеуді аяқтау үшін eGov (Digital ID) сервисі арқылы биометриялық сәйкестендіруден өту.
Деректерге қол жеткізуге рұқсат бергеннен кейін жүйені пайдалану шарттарымен танысу қажет. Ол үшін тиісті сілтеме арқылы қолжетімді "Жүйеге қосылу туралы келісім" құжатының ережелерін оқып, келісім шарттарымен танысқаныңызды және оларды қабылдағаныңызды растайтын белгіні қою керек.
Одан кейін өтінімнің қажетті нұсқаларын таңдау қажет.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәліметінше, телефондарды верификациялаудың жаңартылған тәртібі өтініш берушінің міндетті бейнесәйкестендіруден өтуін көздейді.
Сондай-ақ техникалық жұмыстар аяқталып, қосымша қорғаныс шаралары енгізілгеннен кейін жеке тұлғалар үшін iPhone 18 смартфондарын верификациялау қайта басталды.
Мобильное приложение Электронного правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2026
Әлеуметтік көмекке енді eGov Mobile арқылы өтініш беруге болады
Жаңалықтар
0