https://sputnik.kz/20260222/aleumettik-komekke-endi-egov-mobile-arqyly-otinish-beruge-bolady-61141329.html
Әлеуметтік көмекке енді eGov Mobile арқылы өтініш беруге болады
Әлеуметтік көмекке енді eGov Mobile арқылы өтініш беруге болады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. eGov Mobile мобильді қосымшасында өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар үшін әлеуметтік көмек алу қызметі іске қосылды, деп... 22.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-22T11:06+0500
2026-02-22T11:06+0500
2026-02-22T11:06+0500
мобильдік қосымша
әлеуметтік төлем
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/11/15493873_0:0:2305:1296_1920x0_80_0_0_2e69b7298220e3515e3a2da4eddf33bf.jpg
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. eGov Mobile мобильді қосымшасында өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар үшін әлеуметтік көмек алу қызметі іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұған дейін бұл қызмет тек eGov.kz порталында болған. Енді өтінішті тікелей смартфоннан жіберуге болады.Қызметті пайдалану тәртібі:Өтініш уәкілетті органда қаралады. Ал шешім отбасының табыс деңгейін және белгіленген өзге де өлшемдерді ескере отырып қабылданады. Өтінішті қарау мерзімі – 8 жұмыс күніне дейін. Осы уақыттың ішінде әлеуметтік көмектің тағайындалғаны туралы хабарлама немесе өтініштің қанағаттандырылмағаны жайында жауап келеді.Айта кетері, әлеуметтік көмек – бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін ақшалай төлем немесе материалдық қолдау.Мәслихаттың шешімі бойынша әлеуметтік көмек қосымша қолдауға мұқтаж азаматтарға, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға, өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын егде жастағы азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғаларға, сондай-ақ табысы төмен отбасыларға көрсетіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/11/15493873_0:0:1729:1296_1920x0_80_0_0_8c0cb3a4b3e2202952dfd41101493101.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мобильдік қосымша, әлеуметтік төлем
мобильдік қосымша, әлеуметтік төлем
Әлеуметтік көмекке енді eGov Mobile арқылы өтініш беруге болады
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. eGov Mobile мобильді қосымшасында өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар үшін әлеуметтік көмек алу қызметі іске қосылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін бұл қызмет тек eGov.kz порталында болған. Енді өтінішті тікелей смартфоннан жіберуге болады.
Қызметті пайдалану тәртібі:
eGov Mobile мобильді қосымшасына кіріп, "eGov мемлекеттік қызметтер" – "Арнайы қызметтер" бөліміне өту;
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" қызметін таңдап, қажетті деректерді толтыру;
қол қоюдың қолжетімді тәсілдерінің бірімен өтінімді растау;
"Қызметтер тарихы" бөлімінде өтініштің өңделу мәртебесі туралы хабарламамен танысу.
Өтініш уәкілетті органда қаралады. Ал шешім отбасының табыс деңгейін және белгіленген өзге де өлшемдерді ескере отырып қабылданады. Өтінішті қарау мерзімі – 8 жұмыс күніне дейін. Осы уақыттың ішінде әлеуметтік көмектің тағайындалғаны туралы хабарлама немесе өтініштің қанағаттандырылмағаны жайында жауап келеді.
Айта кетері, әлеуметтік көмек – бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін ақшалай төлем немесе материалдық қолдау.
Мәслихаттың шешімі бойынша әлеуметтік көмек қосымша қолдауға мұқтаж азаматтарға, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға, өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын егде жастағы азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғаларға, сондай-ақ табысы төмен отбасыларға көрсетіледі.