Қазақстанға мемлекеттік сапармен Бельгия королі мен патшайымы келді

© Пресс-служба президента КазахстанаҚазақстанға мемлекеттік сапармен Бельгия королі мен патшайымы келді
Қазақстанға мемлекеттік сапармен Бельгия королі мен патшайымы келді
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Жазылу
Тоқаев король Филипп пен патшайым Матильданы әуежайдан қарсы алды
АСТАНА, 12 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген король Филипп пен патшайым Матильданы елорда әуежайынан қарсы алды.
© Пресс-служба президента КазахстанаҚазақстанға мемлекеттік сапармен Бельгия королі мен патшайымы келді
Касым-Жомарт Токаев встретил Короля бельгийцев Филиппа и королеву Матильду
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Қазақстанға мемлекеттік сапармен Бельгия королі мен патшайымы келді
Қазақстан Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан Астанаға дейін король мен патшайым мінген бортқа қапталдаса ұшты.
© Пресс-служба президента КазахстанаҚазақстанға мемлекеттік сапармен Бельгия королі мен патшайымы келді
Касым-Жомарт Токаев встретил Короля бельгийцев Филиппа и королеву Матильду
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Қазақстанға мемлекеттік сапармен Бельгия королі мен патшайымы келді
Мәртебелі меймандарды салтанатты түрде қарсы алу үшін ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестр сап түзеді.
© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев встретил Короля бельгийцев Филиппа и королеву Матильду
Касым-Жомарт Токаев встретил Короля бельгийцев Филиппа и королеву Матильду
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Касым-Жомарт Токаев встретил Короля бельгийцев Филиппа и королеву Матильду
Әуежай залында Тоқаев құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті.
© Photo : Президенттің баспасөз қызметіҚазақстанға мемлекеттік сапармен Бельгия королі мен патшайымы келді
Қазақстанға мемлекеттік сапармен Бельгия королі мен патшайымы келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2026
Қазақстанға мемлекеттік сапармен Бельгия королі мен патшайымы келді
Мемлекет басшысы король мен патшайымның елімізге сапары Қазақстан-Бельгия қарым-қатынасын одан әрі нығайту тұрғысынан тарихи мәнге ие екеніне назар аударды.
"Қазақстанға қош келдіңіздер. Сапарларыңыз мемлекетіміздің дамуындағы өте маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Жалпы, еліміз өркендеп, экономикасы ілгерілеп келеді. Сіздердің сапарларыңыз екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін береді деп айтуға болады", – деді президент.
Король Филипп қонақжайлық көрсеткені үшін Тоқаевқа алғыс айтып, ертеңгі жоғары деңгейде өтетін келіссөздер табысты болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ екі елдің сан қырлы серіктестігін тереңдетудің маңызын атап өтті.
"Қазақ жеріне қадам басқан сәттен бастап көрсетілген сый-құрмет үшін Сізге алғыс айтамын. Үш күндік сапармен келгенімізге қуаныштымыз әрі еліңізбен жақынырақ танысамыз деп сенемін", – деді король Филипп.
Тоқаев Бельгия премьер-министрімен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2026
Бельгия королі тұңғыш рет Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Жаңалықтар
0