Бельгия королі тұңғыш рет Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Бельгия премьер-министрімен кездесті
Тоқаев Бельгия премьер-министрімен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2026
Жазылу
Тоқаев Бельгия премьер-министрімен кездесуде Король Филипптің сапарына айрықша мән беретінін атап өтті
АСТАНА, 23 маусым - Sputnik. Мемлекет басшысы Бельгия премьер-министрі Барт де Вевермен кездесті.
Тоқаев пен Барт де Вевермен екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылап, саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға айрықша назар аударды.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев Бельгия премьер-министрімен кездесті
Касым-Жомарт Токаев встретился с премьер-министром Бельгии Бартом де Вевером - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2026
Тоқаев Бельгия премьер-министрімен кездесті
Мемлекет басшысы Бельгияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы басты серіктестерінің бірі ретінде атады.

Айтуынша, экономикалық ықпалдастықтың қарқыны бұдан да зор әлеуетке ие. Бельгия Қазақстан экономикасына қаржы құйған 10 жетекші инвестордың қатарына кіреді. Соңғы 20 жылда аталған елден келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 15 миллиард долларды құрады.
"Қазақстанда Бельгия капиталының үлесі бар 110-нан астам компания жұмыс істейді. Бұл өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ ұмтылысымызды аңғартады. Танымал бельгиялық компаниялар біздің елдің нарығына көптеп келіп жатыр", – деді Тоқаев.
Өзара сауда айналымы да тұрақты түрде өсіп келеді. Оның көлемі былтыр 580 миллион доллардан асты.
Премьер-министр Барт де Вевер екі ел арасында саяси диалог деңгейі жоғары екенін атап өтті. Ол Бельгияның екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге және стратегиялық серіктестік аясын кеңейтуге ниетті екенін мәлімдеді.
© Photo : Президенттің баспасөз қызметіТоқаев Бельгия премьер-министрімен кездесті
Тоқаев Бельгия премьер-министрімен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2026
Тоқаев Бельгия премьер-министрімен кездесті

"Тараптар көлік-логистика, аса маңызды минералдар, мұнай химиясы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, цифрлық трансформация, жасанды интеллект және қаржы салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды. Бұдан бөлек, ғылым және білім беру саласындағы ықпалдастық, әсіресе, университеттер, зерттеу орталықтары мен технологиялық компаниялар арасындағы серіктестікті ілгерілету перспективасы пысықталды", - деп жазды президенттің баспсөз қызметі.

Президент екіжақты қатынастар тарихында алғаш рет Король Филипптің биыл Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарына айрықша мән беретінін атап өтті.

Ол Барт де Веверді өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Премьер-министр шақыруды ықыласпен қабыл алды.
Токаев прибыл с официальным визитом в Брюссель - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2026
Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барды
Жаңалықтар
0