https://sputnik.kz/20261011/eldin-ormandardy-qalpyna-keltiru-tazhiribesi-alemdegi-18-natizheli-tazhiribenin-qataryna-endi-67469766.html
Елдің ормандарды қалпына келтіру тәжірибесі әлемдегі 18 нәтижелі тәжірибенің қатарына енді
Елдің ормандарды қалпына келтіру тәжірибесі әлемдегі 18 нәтижелі тәжірибенің қатарына енді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Қазақстанның табиғатты қалпына келтіру бағытындағы еңбегі халықаралық деңгейде мойындалды, деп хабарлады Экология минисрлігі. 11.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-11T10:34+0500
2026-10-11T10:34+0500
2026-10-11T10:34+0500
экология
министрлік
орман
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0a/52377057_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ee62d0a8674488a1e3ec0569a060e680.jpg
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Қазақстанның табиғатты қалпына келтіру бағытындағы еңбегі халықаралық деңгейде мойындалды, деп хабарлады Экология минисрлігі.Іле өзенінің атырауы мен Оңтүстік Балқаш өңіріндегі тұғайлы ормандарды қалпына келтіру тәжірибесі БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) жариялаған "Әлем ормандарының жай-күйі – 2026" баяндамасына енгізілді. Ғылыми зерттеулер мен заманауи технологиялар ұштасқан бұл бастама аясында 100 мың тұранғы тұқымын сақтауға арналған криобанк қалыптастыру жұмыстары да жүзеге асырылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар бірнеше жылдан бері Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тарапынан WWF және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылып келеді.
https://sputnik.kz/20261005/qazaqstan-men-ddu-aral-oniri-turgyndarynyn-densaulygyn-saqtau-boyynsha-kush-biriktiredi-67335239.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0a/52377057_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_7660962ae22cf29d0cce79feae672727.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экология, министрлік, орман
экология, министрлік, орман
Елдің ормандарды қалпына келтіру тәжірибесі әлемдегі 18 нәтижелі тәжірибенің қатарына енді
АСТАНА, 11 қазан - Sputnik. Қазақстанның табиғатты қалпына келтіру бағытындағы еңбегі халықаралық деңгейде мойындалды, деп хабарлады Экология минисрлігі.
Іле өзенінің атырауы мен Оңтүстік Балқаш өңіріндегі тұғайлы ормандарды қалпына келтіру тәжірибесі БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) жариялаған "Әлем ормандарының жай-күйі – 2026" баяндамасына енгізілді.
"Қазақстандық жоба әлемнің әртүрлі елдерінен іріктелген ормандар мен табиғи ландшафттарды қалпына келтірудің 18 нәтижелі тәжірибесінің бірі ретінде ұсынылды. Бұл — жай ғана ағаш отырғызу емес, тұтас экожүйені қайта жаңғырту. Жоба аясында тұранғының генетикалық қорын сақтау, тұқым жинау, көшеттерді ғылыми әдістермен көбейту және табиғи мекендеу ортасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді министрлік.
Ғылыми зерттеулер мен заманауи технологиялар ұштасқан бұл бастама аясында 100 мың тұранғы тұқымын сақтауға арналған криобанк қалыптастыру жұмыстары да жүзеге асырылып келеді.
Бұл бағыттағы жұмыстар бірнеше жылдан бері Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті тарапынан WWF және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылып келеді.