Қазақстан мен ДДСҰ Арал өңірі тұрғындарының денсаулығын сақтау бойынша күш біріктіреді

Арал теңізі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2026
Жазылу
Оған экологиялық ведомстволар, өңірлер, ғылыми қоғамдастық және халықаралық әріптестер де тартылған
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Арал өңірі тұрғындарының денсаулығын экологиялық және климаттық қауіптерден қорғауға бағытталған "Салауатты болашақ" бастамасын іске асыру жөніндегі жол картасы таныстырылды.
Кездесуге бүгін денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровамен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік офисінің басшысы, мемлекеттік органдардың және Қызылорда облысы әкімдігінің өкілдері қатысты.
"Біз үшін экологиялық факторлардың адам денсаулығына әсер етуін күтпей, алдын ала әрекет ету маңызды. Біз қауіптерді ертерек анықтап, аурулардың алдын алып, адамдарға қажетті көмекті уақтылы көрсетуіміз керек", – деді Ақмарал Әлназарова.
Жол картасы санитариялық-эпидемиологиялық және медициналық мониторингті күшейтуді, ғылыми зерттеулерді дамытуды, сондай-ақ су мен ауаның сапасы, климаттық және басқа да факторлардың халық денсаулығына әсерін талдау үшін цифрлық технологияларды пайдалануды көздейді.
Балаларға, жүкті әйелдерге, егде жастағы адамдарға және созылмалы аурулары бар пациенттерге ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл жұмыс Қазақстан мен Өзбекстанның күш-жігерін ДДҰ мен БҰҰ жүйесіндегі әріптестердің қолдауымен біріктіреді. Оған экологиялық ведомстволар, өңірлер, ғылыми қоғамдастық және халықаралық әріптестер де тартылған.
Қазақстанда Арал өңірінің экожүйелерін қалпына келтіру, Арал теңізінің құрғаған табанын көгалдандыру және сексеуілден қорғаныш орман алқаптарын құру бойынша шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Министрдің айтуынша, келесі кезең – халықтың денсаулығын сақтау, аурулардың профилактикасы және уақтылы шешімдер қабылдау кезінде пайдалану үшін экологиялық және медициналық деректердің өзара байланысын күшейту.
Қызылорда облысының Арал ауданы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2026
Жыл соңына дейін Солтүстік Арал теңізіне тағы 1,2 млрд текше метр су жіберіледі
Жаңалықтар
0