https://sputnik.kz/20260717/zhyl-sonyna-deyin-soltustik-aral-tenizine-tagy-12-mlrd-tekshe-metr-su-zhiberiledi-64991778.html
Жыл соңына дейін Солтүстік Арал теңізіне тағы 1,2 млрд текше метр су жіберіледі
Жыл соңына дейін Солтүстік Арал теңізіне тағы 1,2 млрд текше метр су жіберіледі
Sputnik Қазақстан
2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында теңізден 4,2 мың тонна балық ауланды 17.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-17T12:40+0500
2026-07-17T12:40+0500
2026-07-17T12:40+0500
арал теңізі
қызылорда
су
https://sputnik.kz/img/07ea/07/11/64985653_40:28:1243:705_1920x0_80_0_0_3927c91273cb262cce4106b5d2883d44.jpg
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. 2025 жылдың 1 қазанынан бүгінге дейін Сырдария өзені арқылы Солтүстік Арал теңізіне 1,4 млрд текше метр су жіберілді, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.Биылғы вегетация кезеңінде теңізге секундына 40 текше метр су ағызылып жатыр.Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Арал ауданының балықшылары теңіздегі су көлемін ұлғайту мәселесін талқылады.Сондай-ақ балықшылар Сырдария өзеніне суды тиімдірек жіберу үшін Аманөткел су торабын немесе шлюз салуды ұсынды. Бұл су өткізу көлемін секундына 100 текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Кездесу қорытындысы бойынша Нұржан Нұржігітов Су шаруашылығы комитетіне шлюз құрылысының жобалау-сметалық құжатын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар министр Арал-Сырдария бассейндік инспекциясына су үнемдеу технологияларын енгізу есебінен үнемделген суды қоса алғанда, Солтүстік Арал теңізіне тұрақты су жіберіп отыруды тапсырды.
https://sputnik.kz/20260122/aral-tenizinin-tabanyna-53-mln-astam-sekseuil-kosheti-otyrgyzyldy--60583287.html
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/11/64985653_179:20:1112:720_1920x0_80_0_0_1ec154542d179dff31496edd6580182f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арал теңізі, қызылорда, су
арал теңізі, қызылорда, су
Жыл соңына дейін Солтүстік Арал теңізіне тағы 1,2 млрд текше метр су жіберіледі
2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында теңізден 4,2 мың тонна балық ауланды
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. 2025 жылдың 1 қазанынан бүгінге дейін Сырдария өзені арқылы Солтүстік Арал теңізіне 1,4 млрд текше метр су жіберілді, деп хабарлады
Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Биылғы вегетация кезеңінде теңізге секундына 40 текше метр су ағызылып жатыр.
"Қазіргі таңда Солтүстік Аралдағы су көлемі 23,5 млрд текше метр. Өткен жылмен салыстырғанда теңіз суының тұздылығы орта есеппен 10%-ға төмендеп, 7,9 промиллеге жетті. Ал 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында теңізден 4,2 мың тонна балық ауланды", - деп жазылған хабарламада.
Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Арал ауданының балықшылары теңіздегі су көлемін ұлғайту мәселесін талқылады.
"Ауыл шаруашылығында су пайдалану лимиттері бекітілгенін білеміз. Алайда кейбір шаруалар бұл талаптарды сақтамайды. Сондықтан бұл мәселені қатаң бақылауға алу қажет деп есептейміз. Біз, балықшылар, Сырдарияның төменгі ағысында орналасқандықтан облыстағы балық шаруашылығының тұрақтылығы үшін диқандардың суды үнемдеп пайдалануы аса маңызды. Үнемделген су өңірдегі су айдындарын сақтап қалуға өте қажет", - деді "Арал" сервистік-дайындау орталығы" ЖШС директоры Әділбек Айымбетов.
Сондай-ақ балықшылар Сырдария өзеніне суды тиімдірек жіберу үшін Аманөткел су торабын немесе шлюз салуды ұсынды. Бұл су өткізу көлемін секундына 100 текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша Нұржан Нұржігітов Су шаруашылығы комитетіне шлюз құрылысының жобалау-сметалық құжатын әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар министр Арал-Сырдария бассейндік инспекциясына су үнемдеу технологияларын енгізу есебінен үнемделген суды қоса алғанда, Солтүстік Арал теңізіне тұрақты су жіберіп отыруды тапсырды.