Соғыс кезіндегі неміс дәрігерлерінің қылмыстары туралы құпия құжаттар жарияланды

© Sputnik / Табылды КадырбековБумажная деловая папка, архивное фото
Бумажная деловая папка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2026
Жазылу
Құжатта Германияның 11-армиясының бұрынғы медицина капитаны Эбергард Мюллер туралы айтылған
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Қырымда Ұлы Отан соғысы жылдарында неміс дәрігерлерінің кеңес азаматтары мен әскери тұтқындарды өлтіргені туралы құжаттардың құпиясы ашылды, деп хабарлады Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі.
"Құжатта неміс медицина қызметкерлерінің кеңес азаматтары мен әскери тұтқындарды өлтіруі сияқты көпшілікке беймәлім оқиғалар туралы мәліметтер бар", — делінген хабарламада.
Атап айтқанда, құпиясы ашылған құжатта Германияның 11-армиясының бұрынғы медицина капитаны Эбергард Мюллер туралы айтылған. Ол Қырымды басып алу кезінде кеңес әскери тұтқындарына морфин мен сутегі тотығы қоспасын егу арқылы оларды өлтірген.
"Мюллердің айтуынша, ол 1942 жылы небәрі алты апта ішінде осы әдіспен шамамен мың әскери тұтқынды өлтірген. 1948 жылы ол әскери трибуналдың шешімімен сотталған", — делінген хабарламада.
Токаев посетил Музейно-мемориальный комплекс жертв политических репрессий и тоталитаризма АЛЖИР - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2025
Саяси қуғынға ұшыраған 300 мыңнан астам адам ақталды
Жаңалықтар
0