Саяси қуғынға ұшыраған 300 мыңнан астам адам ақталды

© Photo : АкордаТокаев посетил Музейно-мемориальный комплекс жертв политических репрессий и тоталитаризма "АЛЖИР"
Токаев посетил Музейно-мемориальный комплекс жертв политических репрессий и тоталитаризма АЛЖИР - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2025
Жазылу
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Тоқаев қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Олар:
5 жыл бұрын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды.
Екі жарым миллионнан астам материалдың құпия белгісі алынып тасталды.
Комиссия зерттеген құжаттар негізінде 72 томдық жинақ дайындалды.
Алашорда қайраткерлеріне қатысты қозғалған істер 12 том болып шықты. Бұрын еш жерде жария етілмеген құжаттар алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді.
ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құжаттарын зерттеумен айналысатын арнайы орталық ашылды. Бұрын құпия болып келген 700 мың құжат, яғни қылмыстық іс осы орталыққа тапсырылды.
«Ашығын айтуымыз керек, басқа мемлекеттерде осындай көлемді зерттеулер әлі жасалған жоқМұның бәрі – зерттеуші мамандардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Мен ел тарихын зерделеуге белсене атсалысқан барша азаматтарға, соның ішінде Комиссия мүшелеріне шын жүректен ризашылығымды білдіремін», - деді Тоқаев.

Президент олардың еңбегі міндетті түрде марапатқа ие болатынын айтты.
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2025
Тарихты бұрмалауға, сол кезеңдегі мемлекеттің зұлым саясатын ақтауға болмайды – Тоқаев
Жаңалықтар
0