Тарихты бұрмалауға, сол кезеңдегі мемлекеттің зұлым саясатын ақтауға болмайды – Тоқаев

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2025
Жазылу
Президент тарихқа деген көзқарас қай кезде де саяси ахуалдың ықпалында кетпеуге тиіс екенін айтты
АСТАНА, 31 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу кезінде тарихты бұрмалауға, сол кезеңдегі мемлекеттің адамгершілікке жатпайтын зұлым саясатын ақтауға мүлдем болмайтынын айтты, деп хабарлайды Ақорда.
"Сондай-ақ тарихты саясаттың қолшоқпары етіп, популистік идеяларды насихаттайтын, ел ішіне іріткі салатын құрал ретінде пайдалануға жол бермеуге тиіспіз. Біздің қоғамда жоғары азаматтық жауапкершілік салтанат құруға тиіс", - деді президент.
Тоқаевтың айтуынша, қуғын-сүргін мен ашаршылықтан ең көп зардап шеккен қазақ халқы болса да, бұл бұрынғы кеңес мемлекетінде өмір сүрген барлық дерлік халықтардың басына түскен қасірет.
© Photo : АкордаТокаев выступил на мероприятии в День памяти жертв политических репрессий
Токаев выступил на мероприятии в День памяти жертв политических репрессий - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2025
Токаев выступил на мероприятии в День памяти жертв политических репрессий
Президент тарихқа деген көзқарас қай кезде де саяси ахуалдың ықпалында кетпеуге тиіс екенін айтты.
"Бірақ өкінішке қарай, қазір бұл барлық жерде үйреншікті жағдайға айналды. Күні кеше ғана жер-көкке сыйғызбай мадақталған тарихи тұлғалар ғалым-сымақтардың қалауымен жағымсыз адамға айналып сала береді.", - деді президент бүгінгі жиында.
Мемлекет басшысы атап өткендей, керісінше, бір кезде атына қара таңба басылған саяси қайраткерлер түрлі насихатшылардың арқасында танымал болып шыға келеді. Ал қуғын-сүргінді ұйымдастырушылар мен орындаушылар қаһарманға айналып кетті.
Жаңалықтар
0