Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті: президенттер не талқылады?

© POOL / Медиабанкке өтуСаммит России и США на Аляске
Саммит России и США на Аляске - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2026
Жазылу
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков бір жарым сағатқа созылған телефон әңгімесінің қорытындысын жариялады
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков бір жарым сағатқа созылған телефон әңгімесінің қорытындысын жариялады:
Трамп Путинді туған күнімен құттықтады. Ресей басшысы АҚШ-пен диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Ресей мұнай өнімдерін АҚШ пен әлемдік нарықтарға жеткізуге дайын екенін растады.
Путин арнайы әскери операцияның мақсаттары өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Киевтің әрекеттері келіссөздерді дереу қайта бастау мүмкіндігіне кедергі келтірген.
Трамп Мәскеудің ұстанымын Майамиде өтетін кездесуде Украина делегациясына жеткізуге уәде берді.
Ресей Ираннан жоғары байытылған уранды қабылдауға бұрынғысынша дайын. Путин дағдарысты әлі де дипломатиялық жолмен шешуге болады деп санайды.
Егер екі президент те қатысса, олар Қытайда өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында кездесуі мүмкін. Әзірге кездесудің нақты күні талқыланбаған.
Президент США Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2026
Әлем
Трамп пен Путин Ресей мұнай өнімдерін АҚШ пен әлемдік нарыққа жеткізуге келісті
Жаңалықтар
0