Әлем

Трамп пен Путин Ресей мұнай өнімдерін АҚШ пен әлемдік нарыққа жеткізуге келісті

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуПрезидент США Дональд Трамп
Президент США Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.10.2026
Жазылу
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Дональд Трамп Ресейдің АҚШ пен әлемдік нарыққа шұғыл түрде 300 мың тонна дизель отынын, қараша айында тағы 500 мың тонна, ал одан кейін 1 миллион тонна жеткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін айтып, келіссөзді "өте сәтті" деп бағалаған еді.
"Путинмен сөйлесу барысында Ресей АҚШ пен әлемдік нарыққа дереу 300 мың тоннадан астам дизель отынын, қараша айында тағы 500 мың тонна, ал одан кейін бірден 1 миллион тонна жеткізетіні келісілді", – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Бұған дейін АҚШ президенті жанармай бағасының өсуіне Ормуз бұғазындағы жағдай емес, Киевтің Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасаған соққылары мен АҚШ-тың бірқатар штатындағы мұнай өңдеу зауыттарының жабылуы себеп болғанын айтқан еді.
АҚШ Қаржы министрлігі Дональд Трамптың тапсырмасы бойынша Ресейден дизель отынын жеткізуге мүмкіндік беретін лицензияны шұғыл түрде беретінін хабарлады.
Автозаправочная станция, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2026
Шетелдіктер 2 тоннадан астам дизель отынын Қазақстаннан жасырын әкетпек болған
Жаңалықтар
0