https://sputnik.kz/20261009/ush-zhylda-algash-ret-qazaqstannyn-tolem-balansy-zhio-nin-16-y-koleminde-profitsit-korsetti-67424966.html
Үш жылда алғаш рет: Қазақстанның төлем балансы ЖІӨ-нің 1,6%-ы көлемінде профицит көрсетті
Үш жылда алғаш рет: Қазақстанның төлем балансы ЖІӨ-нің 1,6%-ы көлемінде профицит көрсетті
Sputnik Қазақстан
Профицит ағымдағы операциялар бойынша түсімдердің шетелге төленетін төлемдерден асып түсетінін білдіреді 09.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-09T10:23+0500
2026-10-09T10:23+0500
2026-10-09T10:23+0500
қазақстан
жіө
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744459_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_028bb4d962af9bcf25ff82e44edcec6f.jpg
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шоты үш жылда алғаш рет профицитке шықты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ағымдағы шоттың тапшылығы 13,1 млрд долларды құраған. Жағдайдың жақсаруына экспорт өсімінің импорт өсімінен озып кетуі негізгі фактор болды.Ағымдағы шоттың профициті нені білдіреді?Төлем балансының ағымдағы шоты елдің сыртқы экономикалық операцияларын, соның ішінде тауарлар мен қызметтер саудасын, сондай-ақ кірістер мен ағымдағы трансферттердің қозғалысын көрсетеді.Профицит ағымдағы операциялар бойынша түсімдердің шетелге төленетін төлемдерден асып түсетінін білдіреді. Бұл экономиканың сыртқы қаржыландыруға деген қажеттілігін азайтады.Төлем балансының динамикасы2016-2025 жылдар аралығында Қазақстанның ағымдағы шоты он жылдың тоғызында тапшылықпен қалыптасты. Орташа тапшылық ЖІӨ-нің шамамен 2,7%-ын құрады.Тауарлар саудасы жыл сайын профицитті қамтамасыз еткенімен, оның едәуір бөлігі шетелдік инвесторларға төленетін кірістермен өтеліп отырды.Ағымдағы шоттың көрсеткіштері жылдар бойынша мынадай болды:2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ағымдағы шоттың сальдосы шамамен 6 млрд долларға жақсарды. Бір жыл бұрынғы 3,6 млрд доллар тапшылықтың орнына 2,4 млрд доллар профицит қалыптасты.Негізгі жақсару екінші тоқсанға тиесілі болды. Осы кезеңде профицит 3,2 млрд долларды құрады.
https://sputnik.kz/20260518/qazaqstanda-zhio-osimi-biyl-55-ga-zhetedi-dep-bolzhanyp-otyr-63517705.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744459_97:0:2348:1688_1920x0_80_0_0_5e428f2bb01a27da4ea8ea1e90c0ef0d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, жіө
Үш жылда алғаш рет: Қазақстанның төлем балансы ЖІӨ-нің 1,6%-ы көлемінде профицит көрсетті
Профицит ағымдағы операциялар бойынша түсімдердің шетелге төленетін төлемдерден асып түсетінін білдіреді
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қазақстанның төлем балансының ағымдағы шоты үш жылда алғаш рет профицитке шықты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.
"Ұлттық банктің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанның ағымдағы шотына шетелден түскен қаражат шетелге төленген төлемдерден асып, 2,4 млрд доллар профицит қалыптасты. Бұл елдің жалпы ішкі өнімінің 1,6%-ына тең", – делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ағымдағы шоттың тапшылығы 13,1 млрд долларды құраған. Жағдайдың жақсаруына экспорт өсімінің импорт өсімінен озып кетуі негізгі фактор болды.
Ағымдағы шоттың профициті нені білдіреді?
Төлем балансының ағымдағы шоты елдің сыртқы экономикалық операцияларын, соның ішінде тауарлар мен қызметтер саудасын, сондай-ақ кірістер мен ағымдағы трансферттердің қозғалысын көрсетеді.
Профицит ағымдағы операциялар бойынша түсімдердің шетелге төленетін төлемдерден асып түсетінін білдіреді. Бұл экономиканың сыртқы қаржыландыруға деген қажеттілігін азайтады.
Төлем балансының динамикасы
2016-2025 жылдар аралығында Қазақстанның ағымдағы шоты он жылдың тоғызында тапшылықпен қалыптасты. Орташа тапшылық ЖІӨ-нің шамамен 2,7%-ын құрады.
Тауарлар саудасы жыл сайын профицитті қамтамасыз еткенімен, оның едәуір бөлігі шетелдік инвесторларға төленетін кірістермен өтеліп отырды.
Ағымдағы шоттың көрсеткіштері жылдар бойынша мынадай болды:
2022 жыл: 6,4 млрд доллар профицит;
2023 жыл: 8,3 млрд доллар тапшылық;
2024 жыл: 6,8 млрд доллар тапшылық;
2025 жыл: 13,1 млрд доллар тапшылық.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ағымдағы шоттың сальдосы шамамен 6 млрд долларға жақсарды. Бір жыл бұрынғы 3,6 млрд доллар тапшылықтың орнына 2,4 млрд доллар профицит қалыптасты.
Негізгі жақсару екінші тоқсанға тиесілі болды. Осы кезеңде профицит 3,2 млрд долларды құрады.