Шымкентте заңсыз онлайн-казино ұйымдастырғандар төрт жылға сотталды

© AP Photo / Martin MejiaАрхивное фото человека в наручниках
Архивное фото человека в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2026
Жазылу
Ойын бизнесінен түскен ақшаға қымбат көліктер мен жер учаскелері сатып алынған
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Шымкентте "Bingo-37" және "Lotoboom" онлайн-платформалары арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше ықтимал ойыншыларға WhatsApp мессенджері арқылы құмар ойындарға қатысу туралы ұсыныстар жіберілген.
"Өтініш білдірген адамдарға аккаунт ашылып, логин мен пароль берілген, сондай-ақ ақша аударуға арналған шот деректемелері жолданған. Ақша қабылдау және ұтыстарды төлеу үшін 14 дроппердің атына ашылған банк шоттары пайдаланылған", - деп жазылған хабарламада.
Екі онлайн-казиноның жалпы айналымы 3,1 млрд теңгені құрады.
Қылмыстық жолмен алынған кіріске ұйымдастырушылар 200 млн теңгеден астам сомаға мүлік сатып алған. Оның ішінде BYD Destroyer, LiXiang L6 Max, Chevrolet Monza, SsangYong Rexton маркалы автокөліктер, сондай-ақ екі жер учаскесі бар.
Сот үкімімен екі адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Пресечена деятельность группы дроповодов, работавших на интернет-казино Vavada - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2026
Қарағанды облысында онлайн-казино ақшасын шығару схемасы әшкереленді
Жаңалықтар
0