https://sputnik.kz/20260928/qaragandy-oblysynda-onlayn-kazino-aqshasyn-shygaru-skhemasy-ashkerelendi-67088562.html
Қарағанды облысында онлайн-казино ақшасын шығару схемасы әшкереленді
Қарағанды облысында онлайн-казино ақшасын шығару схемасы әшкереленді
Sputnik Қазақстан
Жиырмадан астам дроппер онлайн-казино ақшасын шығарып отырған 28.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-28T11:05+0500
2026-09-28T11:05+0500
2026-09-28T11:08+0500
құмар ойын
қарағанды облысы
https://sputnik.kz/img/07ea/09/1c/67087668_0:15:481:285_1920x0_80_0_0_694ce5902491aba4f70c180434d984a8.jpg
АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында интернет-казино ойыншыларының ақшасын қабылдап, шығарып отырған топ ұсталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.Агенттік мәліметінше, олар "Vavada" интернет-казиносы ойыншыларының ақшасын қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дроп-шоттарды пайдаланған.Қарағандыдағы жалға алынған кеңседе операторлар тәулік бойы ауысыммен жұмыс істеген.Схемаға барлығы 23 дроп-шот тартылып, олар арқылы 415 млн теңгеден астам сомаға операция жүргізілген. Екі күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ белгіленді. Соттың санкциясымен олардың мүлкіне, соның ішінде жеке тұрғын үйіне, екі жер теліміне және Mercedes-Benz автокөлігіне тыйым салынды.Қылмыстық іс сотқа жолданды.
https://sputnik.kz/20260911/zhetisu-oblysynda-qumar-oyyn-oynagan--lauazymdy-tulgalar-qyzmetten-bosatyldy-66552863.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/1c/67087668_0:0:481:360_1920x0_80_0_0_e82d6c5bedad04c8a961cc18b83f0fdd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құмар ойын, қарағанды облысы
құмар ойын, қарағанды облысы
Қарағанды облысында онлайн-казино ақшасын шығару схемасы әшкереленді
11:05 28.09.2026 (жаңартылды: 11:08 28.09.2026) Жиырмадан астам дроппер онлайн-казино ақшасын шығарып отырған
АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында интернет-казино ойыншыларының ақшасын қабылдап, шығарып отырған топ ұсталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Агенттік мәліметінше, олар "Vavada" интернет-казиносы ойыншыларының ақшасын қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дроп-шоттарды пайдаланған.
"2026 жылғы қаңтарда схеманы ұйымдастырушылар интернет-казино өкілдерімен Қазақстан аумағында ақша қабылдау және шығару жөнінде келісімге келген. Кейін топ мүшелерінің бірі оның жұмысын үйлестіріп, казино өкілдерімен байланыс орнатқан. Екіншісі дропперлерді іздеп, олардың банк шоттарына қол жеткізуді ұйымдастырған және операторларды іріктеген", – дейді агенттік.
Қарағандыдағы жалға алынған кеңседе операторлар тәулік бойы ауысыммен жұмыс істеген.
Схемаға барлығы 23 дроп-шот тартылып, олар арқылы 415 млн теңгеден астам сомаға операция жүргізілген.
Екі күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ белгіленді. Соттың санкциясымен олардың мүлкіне, соның ішінде жеке тұрғын үйіне, екі жер теліміне және Mercedes-Benz автокөлігіне тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.